Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 26 тамызында «Мектепке жол» атты, дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.   Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  көмек беру.  Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауын алдын алуға бағытталған. Республикалық «Мектепке жол» атты қайрымдылық акциясының барысында университетіміздің басшылары, ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Женіс Жарлығасов, оқу ісі және оқытудың жаңа технологиялары жөніндегі проректорАлмасбек Әбсадықов және кәсіподақ комитетінің төрағасы  Нұрлан Мамиев алты бірдей отбасыға қаржы салынған конверттерді табыстады. Қолма-қол ақшаның ата-аналарға берілудің тиімділігі әр атана өз баласына сай келетін киім-кешектер мен оқуға арналған құрал –саймандарды өздігінен таңдап, сатып алуға мүмкіндік берді. 1. Ақжан Алтынбаева,  ТДО-ның аға оқытушысы, 5 баланың анасы; 2. Ақмарал Ералина, Т және ҚФ-ның аға оқытушысы, 4 баланың анасы; 3. Сайрангүл Балғабаева, Т және ҚФ-ның аға оқытушысы, 5 баланың анасы; 4. Жанат Есенбаев Д және СДО технигі, 5 баланың әкесі; 5. Майрамкүл Мырзабаева, № 3-ші ғимараттың тазалаушы, 6 баланың анасы; 6. Сәлімжан Молдағалиев, қауіпсіздік қызметтің маманы, 5 баланың әкесі. Ата-аналар көрсетілген көмек үшін, ЖОО басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді. Республикалық қайрымдылық акциясы алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады.  ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина
Аккредитациялау, сертификациялау және сапаны қамтамасыз ету  институтының аккредитациялау комиссиясының (ACQUIN)  2016 жылдың 27 маусымдағы шешімімен 5В050900 – Қаржы білім беру бағдарламасы  2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аккредитациядан өтті. Құттықтаймыз!        
2016 жылы 29 –шы шілде күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың бас ғимараттың конференц-залында әскери кафедраның қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.   Іс-шараға ҚМУ-дың ректор кеңесшісі Михаил Дауенов, әскери кафедраның бастығы, полковник Болат Токин, ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина, Қостанай облысының баспасөз құралдарының өкілдері және университеттің 2-ші, 3-ші курс студенттері қатысты. Михаил Дауенов және полковник Болат Токин журналистердің және студенттердің әскери кафедра төңірегінде қойылған барлық сұрақтарына жауап қайтарып, толықтай ақпарат берді.   Жиынның соңында ҚМУ-дың ректор кеңесшісі Михаил Дауенов әскери кафедраға оқуға түсудің іріктеу үрдісі, адал және қатал түрде бақылау жұмыстарының жүргізілетіні туралы белгілеп айтты. Әскери кафедра жұмыстарының ұйымдастырылуы және іріктеу, қабылдау ережелері туралы толық ақпаратты әскери кафедраның бастығы, полковник Б.Б.Токинның берген сұхбатында ksu.edu.kz бас сайтынан оқи аласыз. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы, Алла Чечёткина  
Профессор-оқытушылар құрамының бос орнына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 2016 ж. 25 шілде   А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті профессор-оқытушылар құрамының төмендегі орындарына конкурс жариялайды:   1. Кафедра меңгерушілері – 2: ветеринарлық санитария – 1 денешынықтыру және спорттық дайындау орталығы – 1   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі) білімі, ғылыми дәрежесі және педагогикалық қызметте немесе жетекші қызметінде кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі.             2. Кафедра профессорлары – 2:. машина құрылысы – 1 Қазақстан тарихы – 1               Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.   3. Кафедра доценттері - 10: ветеринарлық санитария - 2 Қазақстан тарихы - 1 философия – 2 журналистика және коммуникациялық менеджмент – 1 бухгалтерлік есеп және и аудит – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 машина құрылысы – 1 электрлік энергетика және физика - 1   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі)  білімі, ғылыми дәрежесі,  ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде  5 жыл жұмыс өтілі.   4. Кафедра аға оқытушылары - 36: агрономия – 2 экология – 1 биология және химия – 2 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 (ғылым кандидаты, мемлекеттік тілді меңгерген) ветеринарлық медицина – 2 ветеринарлық санитария – 1 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 мемемлекетттік-құқықтық пәндер – 1 қылмыстық және азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 Қазақстан тарихы – 2 тіл мен әдебиет теориясы – 1 шетел филологиясы – 2 психология және педагогика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджмент – 1 бухгалтерлік есеп және аудит – 1 (мемлекеттік тілді меңгерген) басқару және іскерлік әкімшілік – 1 информатика және математика – 1 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 машина құрылысы – 4 электрлік энергетика және физика – 2 тілдік даярлау орталығы - 5   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі) білімі; ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде оқытушы қызметінде   кем дегенде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі, және/немесе ғылыми дәрежесі.   5. Кафедра оқытушылары – 15: агрономия – 1 биология және химия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 2 (6М0727700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 6М072800 – Өңдеуші өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша техника и технология магистрі) ветеринарлық медицина – 1 (Фармакология пәні бойынша) ветеринарлық санитария – 1 Қазақстан тарихы – 1 қылмыстық және азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 психология және педагогика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджмент – 2 машина құрылысы – 2 электрлік энергетика және физика – 1   Біліктілік талаптары: 3 жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен жоғары білімі және/немесе магистрдің академиялық дәрежесі.   Конкурс жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық орналастыру Ережелеріне сәйкес өткізіледі. Конкурсқа қажетті құжаттар аталған хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, персоналды бастқару қызметі. Анықтама телефоны: 8-7142-51-11-65.                
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 7 шілде күні  «шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау кеңестерінің құрамын бекіту туралы» №445 бұйрығымен бекітілген, шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу байқауының қорытындысы жарияланды.       Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бақылау кеңесінің құрамы.