Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  №1-ші студенттер үйінде 80 адамға және №2-ші студенттер үйінде 200 адамға мұсылман қауымының асыға күтетін Құрбан айт мерекесі қарсаңында айт шәйі берілді. Құрбан айт мейрамы күні ҚМУ-дың 200-ден астам студенті «Наурыз» шағын ауданында Қостанай қаласының мұсылман қауымы көптен күткен жаңа мешіттің ашылуына ат салысып, құрбандық шалу рәсімін орындады. Содан кейін университетіміздің студенттері мерекеге дайындықты бастап, үлкен дастархан жайды. ҚМУ-дың басшылығы,қалалық мешітінің имамы Еркебұлан ұстаз, Қостанай облысы әкімшілігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы Айшагүл Қаратаева, Жастар бастамасын дамыту орталығының меңгерушісі Болат Қалиев дастархан басында мағынасы терең әңгімелер айтты.  Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиетіне тоқталды. Имам уағыздар айтып, студенттер үйі тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Осындай маңызы зор мерекелік іс-шараға ат салысып қаржылай көмек көрсеткен Кәсіподақ ұйымын айтып өткен жөн. Мереке соңында қонақтар өздерінің игі тілектерін білдіріп, шын жүректен бірін-бірі құттықтады. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
Бүгін, 2016 жылдың қыркүйектің 9-ы күні, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында байқау комиссияның кезекті отырысы өтті.   Профессор-оқытушы құрамы қызметіне орналасу байқауы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдесіндегі №338 педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230-шы бекітілген бұйрықтардың негізінде өткізілді.     Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген (30.06.2016 жылы, №9 хаттама) профессор-оқытушы құрамының бос орнына орналасу байқауының Ережесіне сәйкес, университеттің сыртқы сайтында 2016 жылдың 25-ші шілдесі күні профессор-оқытушылар құрамының бос орнына байқау өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырылған. Байқауға қатысу туралы өтініштер 2016 жылдың 25-ші тамызына дейін 30 күнтізбелік күн бойы қабылданды. Өтінішті берген күннен бастап, екі айдан кейін байқау бойынша сайлау және  еңбек шартын жасау жұмыстары жүргізіледі. Жарияланған 66 бос қызмет орындарына, байқауға қатысу ниетін білдірген 38 үміткер өтініш берген.   Жаңа Ережелерге сәйкес, байқау комиссияның отырысы аяқталған соң, және ЖОО-ның ректоры шешім қабылдағаннан кейін, еңбек шарты жасалады.  Сондай-ақ, жаңа Ережеге сәйкес профессор-оқытушы құрамының бос орнына орналасу байқаудың нәтижесінде келісім шарт 3 жылға жасалады. Еңбек шарттың мерзімі аяқталған соң, оның ұзартылуы қарастырылмаған. Байқауды жариялау алдында кафедра отырысында үміткерлердің ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелері жинақталып, біліктілік талаптарын ескере отырып, олардың кәсіби және жеке қасиеттерін саралайтын ашық сабақтар өткізіліп қорытынды шығарылды. Байқау комиссияның құрамы және байқауды өткізудің кестесі ректор бұйрығымен (29.08.2016 жыл, № 130 ЛC) бекітілді.   Университеттің байқау комиссияның негізгі мақсат-міндеттері: байқау ұсыныстарының уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етіп, ұсынылған ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болды. Сонымен қатар, жасырын дауыс берудің нәтижесінде, ректор атына әр үміткер туралы  барлық қойылған талаптарды ескере отырып, қосымша мінездеме ұсыну. Байқау комиссиясының отырысы үш сағатқа созылды. Нәтижесінде, өтініш тапсырған барлық 38 үміткер байқаудан өткені туралы жарияланды. Байқаудың қорытындысын және жеңімпаздардың толық тізімін ksu.edu.kz. сайтының ішкі порталының хабарландыруында қарауға болады. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина    
2016 жылдың 5-ші қыркүйегінде Әулиекөлде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы мүсіні ашылды. Мүсіннің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хұсаин Валиев және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы мүсінін салтанатты ашу рәсімінен кейін, жиналған қауым Әулиекөл мәдениет үйінде өткізілген “Ахмет Байтұрсынов және Мәңгілік ел мұраты” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияда Ахаң атындағы университет ректоры Хұсаин Хасенұлы Валиев Ахмет Байтұрсыновқа арналған баяндамасын оқып, оның шығармашылық өміріне кеңінен тоқталды. Хұсаин Валиев: «Әулиекөлде ұлы тұлғаның мұрасын саралап, ашылған мүсін, ұрпақтарымызға аманат болып қалатын, тұлға есімін мәңгілік сақтаудағы үлкен жұмыстың бірі» деп, өз сөзін аяқтады. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлын еске алу құрметіне арналған мерекелік концертпен жалғасты.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студенттері бірінші қыркүйекті жарқын және көңілді атап өтті. Мерекелік іс-шара ҚМУ ректоры Хұсайын Хасенұлы Валиев және университет басшылары Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойюынан бастауын алды. Қазақстан республикасының әнұраны айтылды. Университет ректорының салтанатты құттықтауынан кейін, ЖОО-ның  профессор-оқытушылар құрамы өз студенттеріне оқуда сәттілік тілеп құттықтады.     Жиын соңында студенттер өз дәрісханаларына барып, мұғалімдермен және оқу жылының кестесімен танысты.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 31-ші тамызында 2016-2019 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды.   Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, сондай-ақ жұмыскерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау, оларға еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын жасау бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында ҚР Еңбек кодексіне «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы» ҚР заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды. Ұжымдық шарттың тараптары: Жұмыс беруші – «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, өкілі – ректоры Валиев Хұсаин Хасенұлы тұлғасында; Жұмыскерлер «Кәсіподақ ұйымы» деп аталатын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жұмыскерлері мен студенттерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының мүшелері болып табылатын, еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар және студенттер, магистранттар, докторанттар, кәсіподақ ұйымының өкілі – төрағасы Мамиев Нұрлан Бекентайұлы тұлғасында. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
«Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық бизнес жобалар байқауының ашылғанын жариялады. Оның мақсаты жас қазақстандықтардыңкәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады. Байқауға Қазақстанның әр түкпірінің жасы 18-ден 29-ға дейінгі кәсіпкерлері қатыса алады. Байқау I орын үшін –7 млн теңге, II орын үшін – 6 млн теңге және ІІІ орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін 15 млн теңге көлемінде гранттар береді. Ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция ала алады және оларға «Даму» қоры қолдау көрсететін болады. Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» Қорының барлық өңірлерде ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды. Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады. «Startup «Bolashak» байқауының өтуін Республикалық телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында көруге болады. «Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған. Байқау өтіуі және өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты www.bolashak.kz, www.damu.kz сайттарынан және +7 7172 707 669 телефоны арқылы біле аласыздар. Байқаудың ұйымдастырушылары мен әріптестері: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы. Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ. Анықтама: «Startup «Bolashak» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Болашақ» Қауымдастығының «25 Қайрымды Іс» жобасының аясында бизнес ортасын дамыту бағытында өткізіледі. Жоба 8 бағытты қамтиды: бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар. Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Болашақ» Қауымдастығы 2015 жылы қабылдаған Даму Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі. Бұл қатарда сондай-ақ білім трансфері, қайрымдылық және саламатты өмір салтын насихаттау көрсетілген.