Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Көмекті сұрауға мәжбүр болатын мұқтаж адамдарға көмек көрсету, жағдайы бар, кез келген адамның қолынан келеді. Әр адам өмірінде бір рет болса да, қайырымды игі іс жасауы керек. Өйткені, өмірдегі кез келген жағдай, адамды тығырыққа тіреп, бөтен адамнан көмек сұрауға итермелейді. Осындай бір жағдай ҚМУ студенттерін бейжай қалдырмады. Облыстық газеттің беттерінен Валентина Никулина әжейге көмек керектігін естігенде, Камиль Қуанышовтың басшылығымен, біздің студенттер қаланың сыртындағы 100 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға жол жүрді. Студенттер қайырымдылық көмек көрсету керек деген шешімді бірден қабылдады. Әжейге отын ағаштарын, таяну таяқшасын, қажетті азық-түлік тағамдарын апарып берді. ҚМУ-дың экономикалық факультетінің 1 және 2 курс студенттері Абай Балмаш пен Марьям Волынец әжеге көмек көрсеткен қайырымды жандар. Студенттердің айтуынша, осындай жағдайға тап болған кезде, бос сөз сөйлеп отырмай, бірден белсенділік танытып, қаржылай көмек болмаса, еңбек күшін пайдаланып, көмек көрсеткен жөн. Біздің студенттер дәл солай жасады. Әженің үйіне отын ағаштарын түсіріп, оларды жинап ретке келтірді. Қарт кісіге таяну таяқшасын ұсынған кезде, қуаныш сезіміне бөленген әжей, көз жасын ұстай алмай, көрсетілген көмек үшін шексіз алғысын білдірді.   «Жастар сөз арқылы емес, іс жүзінде таңылу керек. Адамдарға қуаныш сезімін сыйлау керек. Осындай қайырымдылық көрсету акцияларына қатысып, жасы келген қарттарымыздың өмірін жақсартуымыз керек» - дейді студенттер. Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттерінде қайырымдылық шараларына қатысты, басқа да жоспарлары бар екен. Олар интернет желісі арқылы «Қостанай бірге көмектесейік» деген парақша ашқан. Қазір олар белсенді, өз жұмысына жауапты, еңбексүйгіш адамдарды еріктілер қатарына қабылдап жатыр. Көмек көрсетем деген, кез келген адам осы топтың мүшесі бола алады. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина    
Халықаралық ынтымақтастық Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті үшін, өте маңызды  қызметтің бір түрі. Бұл байланыс білім сапасын әлемдік стандарттарға сай келуін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. ҚМУ әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады. Польшаның ең танымал Лодзь жоғары оқу орнымен байланыс, университетаралық ынтымақтастықтың нақ айғағы болып табылады.   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2013 жылдан бастап,  академиялық ұтқырлық бойынша әріптестік қарым-қатынастар жүргізілуде. Жыл сайын ҚМУ-дан Лодзь университетіне 5 айға дейін, 10-нан астам студент жіберіліп отырады. 2015 жылы «Халықаралық кредиттік мобильділік – ЖОО-ның оқытушылары мен студенттерінің мобильділігі» жобасы бойынша, ERASMUS + еуропалық бағдарлама аясында екі жақты келісім жасалды. Біздің университеттің студенттерінде шетел елде жоғары білім алудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Лодзь университетінің басшылығы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері өте еңбекке қабілетті және талпыныстары жоғары екендігін жасырмай айтады. Жақында Лодзь университетінің ректоры, профессор Влоджимеж Ныкел, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хұсайн Хасенұлы Валиевке алғыс хат жіберген. Ол хатта университетаралық қатынастардың өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды.     ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина    
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің барлық факультеттерінде «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» атты қосымшасын көрсету рәсімі өткізілді.   (Қосымшаны заң факультетінде көрсету сәті)      (Экономикалық факультетте дөңгелек үстелді өткізу сәті)     (Экономикалық факультетте қосымшаны көрсету сәті)   (Аграрлық-биологиялық факультетінде қосымшаны көрсету сәті) Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017». Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Қосымша туралы мәлімет: әрқайсысында жеке  фотогалереясы бар 68 тарау; Барлығы 370-тен астам фотосурет; 24 бейнеролик; 12 3D объектісі; 20 панорамалық фотосурет 12 интерактивті 3D кескін; 4 интерактивті 3D картасы. Қосымшаны App Store және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет. Ал компьютерге арналған нұсқасын мына жерден жүктей аласыз.  «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина        
2016 жылдың 17 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының негізінде қазақ тілінен «Жаппай диктант» өткізілді. Диктантқа Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері, журналистер, оқытушылар және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттері  қатысты. Барлығы 30 адам. Диктанттың мақсаты - әр адамға қазақ тілінен өзінің білімін тексеруге  мүмкүндік  беру және сауатын көтеруге қызығушылығын ояту. Диктант тексеруші-сарапшылар (Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: А.Т.Досова, А.С.Оразбаева, Ш.И.Тулегенова), қатысушылардың  көбінесе орфографиялық қателер жібергенін, сондай-ақ төл сөз бен  сөйлемнің бірыңғай мүшелері кездесетін сөйлемдерде пуктуациялық қателер  кеткенін анықтады. Жалпы, қатысушылар диктантты жақсы жазды.  Нәтижесінде: 1-ші орынды – Абдурасилова Гүлнұр, 2-ші орынды -  Алпыс Маржан, 3-ші орынды – Ерполат Ақмарал және Кенжеахметова Күнжамал иеленді. Олар А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттері. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина
2016 жылдың 15 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында таныстыру  рәсімі өткізілді.   «Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, «Ғылым қоры» АҚ-ның  жобалық дирекциясының директоры Қанат Искаков,  2016 жылға ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы толық ақпарат беріп, түсіндіріп өтті. «Ғылым қоры» АҚ-ның  жобалық дирекциясының директорымен кездесуінде ҚМУ-дың жетекшілері, оқытушылар, кафедра меңгерушілері, декандар болды.   Байқаудың өткізілуі туралы толық ақпаратты ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында: sc.edu.gov.kz оқи аласыздар.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен бірлесіп «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша семинар-тренинг өткізуде. Семинар өз жұмысын 2016 жылдың 21 қыркүйегінде бастайды. Семинарға қатысушылардың өтінімдері 2016 жылдың 16 қыркүйегіне дейін қабылданады. Өтінімдерді университеттің 2-нші корпусы №114 кабинетіне тапсыру керек. Өтінім үлгісі ілеседі. Семинарға барлық оқу орындардың студенттерін белсенді қатысуға шақырамыз. Семинардың соңында өз кәсібін бастау, грантқа немесе несие жеңілдіктеріне ілігулеріне көмек болатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ нәтижесінің негізінде куәлік беріледі. Өтінім үлгісі ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина