Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Жуырда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде арнайы журналистика мамандығының 2 және 3 курс студенттері үшін, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Правовой медиа-центр» қоғамдық қоры «Журналистің интернет желісіндегі құқық қауіпсіздігі» тақырыбында тренинг өткізді. Аталмыш іс-шараны «Правовой медиа центр» қоғамдық қорының директоры әрі университетіміздің журналистика мамандығы бойынша түлегі Диана Окремова өткізді. Тренинг барысында болашақ журналистерге заң нормалары және жазалау шараларына байланысты қоғамдық қордың заңгері Гүлмира Біржанова әңгімелеп берді. Арнайы өткізілген іс-шараның мақсаты  студенттерді интернетті пайдаланудың сақтық шараларымен таныстырып, қателікке  бой алдырмауды үйрету. Онда болашақ журналистер  білікті мамандарға сұрақтар қойып, өз сауалдарына тұщымды жауап алды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде Сеул ұлттық университетінің машина жасау кафедрасының меңгерушісі Kyongsu Yi профессорымен кездесу өтті. Кездесу барысында профессор өзінің университеті, басшылық жасайтын зертханалары туралы айтып таныстырды. Ол интеграцияланған және автомобильдерді интеллектуалды басқару жүйелер саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.   Kyongsu Yi  өз баяндамасында өзекті мәселе болып табылатын пилотсыз автомобиль құру тақырыбын қозғады. Бүгінгі таңда көптеген автоөндірушілер және басқа компаниялар автомобильді автоматты түрде басқару жүйесін құрумен белсенді жұмыс жасап келеді. Ол мәселені екі бағыт бойынша қарастыруды ұсынды: - автомобильді кешенді автоматтандыру;  - көлік құралының жекелеген қозғалыстарын автоматтандыру режимдері (көлік тұрағы, кептелістегі қозғалыс, автомагистраль) бойынша орын ауыстыру. Профессор, қазіргі уақытта автоматты режимде параллельдік және (немесе) перпендикулярдық көлік тұрақтарын қамтамасыз ететін, әртүрлі автоматты тұрақ жүйелерінің әзірленетіні жайында айтты. Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, ағылшын тілінде сұрақтар қойды. Профессор тақырып бойынша толық жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
6 қазан күні өздерінің кәсіби мерекелерін бухалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушылары мен студенттері атап өтті. Бұл күні кәсіп иелері өздерінің қатал түрлерін ұмытып, әріптестеріне жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысты. Есеп және аудит мамандықтың 3 курс студенттері де мерекелік іс-шарадан қалыспай, екінші ғимараттың кіре берісін, баспалдақ аралықтарын шарлар мен плакаттармен безендіріп, ұстаздарын ду қол шапалақпен қарсы алды. Үзілісте қойылған әуендер мерекеге ерекше сән берді. Кафедраның тәрбие ісіне жауапты оқытушысы А.М.Какированың басшылығымен «Есеп және аудит» мамандығының барлық курс студенттерінің  қатысуымен мерекелік іс-шаралар өз жалғасын тапты.
Коммуникациялық менеджмент және журналистика кафедрасында, бірінші курс студенттерін оқытушылармен таныстыру мақсатында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Куратор С.Машкова бірінші курс студенттерін төрт жыл бойы жоғары білім беретін кафедраның ұжымымен таныстырды. Сабақ еркін түрде өтті. Өлең жолдары оқылып, ән де айтылды. Студенттер өздері жайлы толық ақпарат беріп, оқытушыларға қалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кафедра оқытушылары өз студенттеріне жаңа оқу жылында үлкен жетістіктерге, шығармашылық табыстарға қол жеткізу тілектерін білдірді.
2016 жылдың 13 қыркүйегі мен 17 қазан аралығында «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін «Ең үздік курстық жұмыс» (жоба) атты республикалық байқауы өтеді.   Аталған сайыста орта және жоғарғы оқу орындарында күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттер қатыса алады. Жас шеңбері шектеусіз. Ұйымдастырылып жатқан сайысқа жеке автордың өзі ғана қатыстырылады. Байқау жұмыстары 2016 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. 2016 жылдың 25 қазанында шығарылатын сайыс қорытындысына сәйкес қатысушыларды I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапаттау көзделеді. Сонымен қатар, жүлделі орынға иеленбеген қатысушылар қатысушы сертификаттарына ие болады. Сайыстың үздік қатысушысын дайындаған оқытушы мадақтамамен (1-ші дәрежелі диплом) марапатталатын болады. Толық ақпарат! ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
2016 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсінде қоғамдық пікір жетекшілері, жергілікті өзін-өзі басқару кадрларын дайындайтын оқу орындарының өкілдері, Қостанай қаласының Жастар мәслихаты депутаттары, ПИӨК, БАҚ өкілдерімен  «Жергілікті  өзін өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын іске асыруға арналған қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдау барысында облыс тұрғындарына жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнама негіздері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған кешенді ақпараттық іс-шараларды өткізу үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл шарада Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының аға оқытушысы Г.Е.Есімхан баяндама оқыды. Баяндамада жергілікті өзіндік басқаруда кадр дайындау және дамыту мәселелері қозғады.