Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Қостанайда ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45 жылдығына орайластырылған республикалық «Домбыра-думан»  фестивалі өтті. Іс-шараға Қостанай, Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жоғары оқу орындарынан келген дарынды домбырашы жастар қатысты. Фестивальде қатысушылар «Күй» және «Дәстүрлі ән» аталымдары бойынша өнер бәсекесіне түсті. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 2-ші курс студенті Нұрсұлтан Қасым 2 орынды жеңіп алса, ҚМУ-дың ГӘФ 2 курс студенті Ерсұлтан Жақсыбай және ЭФ 4 курс студенті Абылайхан Әнуаров арнайы жүлденің  иегерлері атанды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2-ші студенттер үйінде Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлымен кездесу өтті. Жиынның басты тақырыбы «Қазіргі таңдағы Ислам дінінің жағдайы мен өзекті мәселелері» болды. Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н.Нұғұрбеков, Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма маманы А.Қаратаева, университетімздің оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Әбсадықов, ҚМУ-дың діни зерттеулер орталығының директоры Ж.Шәукенов және жастар бастамаларын дамыту орталығының бас маманы М.Төлеш қатысты. Кездесу барысында студенттердің дінге қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіріп, оны бұрыс жаққа аударатын адамдарды қалай тануға және қандай ақпарат көздерінен мағлұматтарды алуға болатыны жайында айтып, студенттер үшін пайдалы кездесу өткізді.  
Қостанай қаласының Сити-орталығында жастар арасында облыстық флешмоб сайысы өтті. Іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Білім басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және Қостанай қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Сайысқа ЖОО-ан, коледждерден, облысымыздың белсенді жастарынан құралған 11 команда қатысты. Нәтижесінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Бадрисафа» би ұжымы жүлделі 2-ші орынды иемденді. Бұл сайыстың түрі облысымызда алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.
Түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығындағы жағдайларға олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мақсатында 2016 жылдың 12-ші қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттері «ПАРУС-КАЗ» компаниясының өкілімен кездесті. «ПАРУС-КАЗ» автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдар үшін жасайтын, Қазақстандағы ең ірі компаниясы болып табылады. Компания өкілі студенттермен кездесу барысында өз ұйымының ерекшеліктері, қабылдау шарттары, мамандық бойынша жұмысқа орналасу туралы ақпарат беріп, түлектердің сұрақтарына жауап берді.  
Қоғамдағы психикалық денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында 2016 жылдың 12 қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы О.В. Ельчищеваның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған ашық куратор сағаты өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты - психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша студенттердің назарын аудару, ең алдымен, өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сонымен қатар, психикалық денсаулық дағдыларын сақтау, қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету болды. Іс-шараға: психо-наркологиялық диспансер психологы – Г.А.Бисембаева, Костанай қаласының нөмірі 1-ші емханасының психологы – О.Н.Симанчук, университеттің барлық мамандықтарының студенттері қатысты. Психолог мамандар нашақорлықтың, ішімдік ішудің және темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері, жаман әдеттерден арылу жолдары жөнінде, сондай-ақ, стресті алдын алу  туралы өз баяндамаларында айтып, осы мәселелерге ерекше мән берді. «Психология» мамандығының барлық курс студенттері – адамның психикалық және психологиялық денсаулығын жақсарту туралы, ақпараттық хабарламаларды дайындап, олардың физикалық күйге әсері, салауатты және белсенді өмір салтын жүргізу қажеттілігіне мысалдар келтірді. Жас студенттер психикалық күйдің маңызын ұғынып, салауатты өмір салтын қолдайтындарын танытты. Олар аталған тақырып бойынша өздерін  қызықтырған сұрақтарды психолог мамандарына қойды. Жалпы, ашық куратор сағаты өте қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина
2016 жылдың 12 қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2-ші ғимараттың 309-шы дәрісханасында экономика кафедрасының ұйымдастыруымен және Қазақстан нарығының көшбасшысы, отандық ірі фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ-ның қолдауымен Дүниежүзілік көз жанарының күніне арналған «Адам өміріндегі көз жанарының рөлі» тақырыбында  семинар–дәріс өтті. Қостанай қаласының №3-ші қалалық емханасының офтальмолог – дәрігері Вячеслав Дубинин  жиналған оқытушылар мен студенттерге арнап баяндама оқыды. Аталған іс-шараға экономикалық факультеттің профессор-оқытушылар ұжымы, экономикалық, инженерлік-техникалық, мал дәрігері және мал шаруашылығының технологиясы факультеттерінің студенттері қатысты. Жиналғандардың жалпы саны шамамен 80-ге жуық адамды құрады. Семинарды өткізу барысында тыңдаушылар көз жанарына байланысты ауруларды алдын-алу жолдарымен, созылмалы ауруларды емдеу әдістерімен танысты. Студенттердің кездесуде айтылған тақырыптарға қызығушылықтары жоғары болды. Олар бір-бірімен ой бөлісіп, талқылауға белсене ат салысты. Қатысушылар көздерінің саулығын анықтау үшін, заманауи Сивцев – Головин электрондық кестесін қолдану арқылы тексеру және офтальмолог - дәрігердің тегін кеңестерін алу мүмкіндіктеріне ие болды. Кездесу соңында семинарға қатысқан студенттер мен оқытушыларға демеуші компания тарапынан естелікке ақпараттық сыйлықтар таратылды.