Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2016 жылдың 28 қазанында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың аграрлық – биологилық факультетінің белсенді топ студенттері облыстық қан тапсыру орталығына барып қан тапсырды. Жастар денсаулық жағдайларын анықтау үшін, арнайы дәрігердің медициналық тексерісінен өтіп, анкета толтырды. Қан Қостанай қаласындағы облыстық ауруханада ем қабылдап жатқан 11 жасар Гауһар Бимурзаеваға өткір лейкозды емдеу үшін тапсырылды.  Белсенді топ мүшелері өз еріктерімен қан тапсыруға келгендіктерін ашық айтты. «Адам өмірін қан тапсыру арқылы сақтап қалу мүмкіндігіне өз үлестерімізді қосып, бізге артылған жауапкершілікті сезінеміз» -дейді студенттер. Аталған ерекше іс-шараға қатысқан АБФ студенттеріне қан тапсыру орталығының басшылығы шексіз ризашылықтарын білдірді.
2016 жылдың  27 қазанында ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізді. ҚМУ-дың МжЖБ мамандығының 3 курс студенттері және эдвайзер  Г.Есімхан «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша  филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне барып, ХҚКО жұмысымен жақынырақ танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды. Қызмет көрсету орталығының қызметкерлері  барлық  тілек білдірушілерге жұмыс барысында қолданылатын техникалық жаңалықтармен және құжаттарды қабылдауды бақылау жүйесімен таныстырды. ХҚКО дирекоры Еркін Қызырұлы жеке қабылдау өткізді. Сонымен қатар, 28 қазанда бұл орталықтың қызметкерлері университетіміздің «Мемллекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттерімен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша кездесу өткізді.
2016 жылдың 26 қазанында «Білім орталығы» ҒК-да инженерлік-техникалық факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Этикеттің алтын ережелері» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға студенттер белсенді түрде қатысып, қоғамдық ортада, театрда, қонақта тәрбиелі адам қалай өзін ұстау керектігіне тоқталып, дастарханды жаю, ыдыс-аяқты қою ережелері жөнінде баяндамаларын оқыды. Іс-шараға  гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Досова Алма Төлегенқызы модератор ретінде қатысып, студенттерге дәріс оқыды. Аталған тақырып бойынша студенттердің қызығушылығы өте жоғары екендігі, модераторға қойылған сұрақтардан белгілі болды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Қостанай таңы" газеті ұйымдастырған «Ауылым – менің жұмағым!» атты фото-байқауы өз мәресіне жетті.  Байқауға мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, мектеп оқушылары қатысты.  Фото-байқаудың негізгі талабы  – фотосурет көркем, түрлі-түсті және деректі болу керек болатын.  Қойылған талаптардың барлығын  ҚМУ-дың ГӘФ журналистика мамандығының 4 курс студенті Кенжеғұл Жанболат орындап, арнайы құрылған тәуелсіз комиссия оның жұмысын жоғары бағалап, ІІ-ші орынға ие болды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қостанай облысының білім және ғылым қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өткізілді. Жарыс спорттың екі түрінен: кросс және зияткерлік ойындардан болды. Іс-шараның басты мақсаты білім қызметкерлерінің денсаулық жағдайын жақсарту, жеңіл атлетиканы насихаттап, көпшілікті спортпен шұғылдануға шақыру, белсенді демалысты ұйымдастыру, ең мықты командаларды іріктеп, анықтау болды. Жарысқа ЖОО-дың, колледждердің райондардың, Қостанай қаласының білім беру жүйесінің қызметкерлері мен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.   Нәтижесінде Ахаң атындағы университеттің профессоры Юрий Бондаренко (дойбы), лаборант-технигі Никита Ткаченко (жеңіл атлетика), полиатлоннан жаттықтырушы Юлия Зеленская (жеңіл атлетика), ДШ және СД кафедрасының оқытушысы Арман Какашев (тоғыз-құмалақ) жүйріктердің ішінен суырылып шығып 1-орынды иеленді .  Машина жасау кафедрасының аға оқытушысы Фарид Тулубаев шахмат ойынынан жеңіске жетіп, екінші орынға ие болды. ҚМУ-дың кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Мәмиев командирлік жүгірістен және АТФ лаборанты Самал Маусымбаева тоғыз-құмалақтан 3-орынды қанжығаларына байлады. ЭФ оқытушысы Жұлдыз Төлегенге, МШТ және ВФ кафедрасының меңгерушісі Гүлшат Шайкамалға, оқытушы Инна Брель-Кисилеваға мадақтау қағаздары берілді. Жалпы есепте ҚМУ-дың құрама командасы бірінші орынды иеленді. Бұл жоғары көрсеткіш университет басшыларының спортқа ерекше мән беріп, еңбек ұжымы дене шынықтырумен шұғылданып,  үздіктердің қатарынан көріну үшін, барлық жағдайлардың орындалып отырғандығының айқын белгісі.   Жеңімпаздар облыстық кәсіподақ комитетінің және білім басқармасының атынан алғыс хаттармен, сондай-ақ, бағалы сыйлықтармен марапатталды. ҚМУ-дың спорттық командасы алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетіп, алдыңғы қатарлардан көрінуге белін буып отыр.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
2016 жылдың 21 қазанында азаматтық бастамалары қолдау орталығының және дін істері мен азаматтық қоғам жөніндегі Министрлігінің мемлекеттік грант аясында жүзеге асып жатқан, облыстық азаматтық форумның «Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі» байқауы өткізілді. Байқауға А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 4 курс студенті Кенжеғұл Жанболат пен жетекші оқытушы С.Т.Сейтова қатысты. Студенттің «Жастар бірлестігі» тақырыбында ұсынған жобасы үздіктердің қатарына ілігіп, оны жүзеге асыру үшін грант берілді.