Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

ҚМУ-ға «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бургундии университетінен ғалымдар (Франция) келді. Делегация қарашаның 14 мен 18 аралығында университеттік іс-шараларға қатысты. Қонақтар алдымен ҚМУ-дың ректоры Х.Валиевпен кездесті.  Университет басшысы шетел ғалымдарының Қостанай өңіріне келуінің маңыздылығын айтты. Делегацияның құрамында ғылым докторы, профессор, білім беру және зерттеу қызметі бойынша проректор – Фредерик Дебуафорт, ғылым докторы, профессор, тағамдағы микробиологиялық үрдістерді анықтау бойынша зерттеу тобының мүшесі –  Гаэл Руду, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетінің деканы –  Луис ле Мойн, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетіндегі электр жетек автомобильдер бойынша зерттеу тобының жетекшісі – Сиди Мохаммед Синоучи, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетіндегі «Материалдардың беріктігі мен композиттігінің құрылымы» зерттеу тобының жетекшісі – Шахрам Айваз Заден болды. Бұл сапардың ең басты мақсаты шетел мен Қостанайлық зерттеушілердің арасында келіссөз жүргізіп, тәжірибе алмасып, зерттеу мәселелерін қарастырып, ортақ мәмілеге келу. Сондай-ақ, ИИДНБ бағдарламасын жүзеге асырып, университеттер арасында семинар, тренинг, конференцияларды өткізу. Жоспар бойынша Бургунди университетінен келген ғалымдар ҚМУ-дың А.Байтұрсынов мұражайымен, ЖОО ұжымымен, кафедралармен, зертханалармен, тағамдар шығаратын "Костанайский мелькомбинат" пен машина жасайтын"СарыарқаАвтоПром" кәсіпорындарымен, Қостанай қаласының көрікті жерлерімен танысты.               ҚМУ-дың ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Б.Жарлығасов пен халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Е.М.Кандалина: «Ғалымдардың сапармен біздің ЖОО-ға келуі, біз үшін таптырмас маңызы зор тәжірибе. Халықаралық ынтымақтастық қатынастарды кеңейтіп, тереңдетіп, тәжірибемен алмасуға мүмкіндік туды» – деп, сапарды қорытындылады. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина
17 қараша күні дәстүрлі түрде халықаралық студенттер күні аталып өтіледі. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекцияда шаршап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағы басқа көптеген естеліктер ойға оралады. Дәл осы күні біздің университеттің белсенділері «Дублер күні» атты іс-шарасын өткізді. Олар жоспар құрып, ректорат отырысын ұйымдастырды. Баяндамалар оқып, презентациялар көрсетті. «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерінде сапалы білім алу үшін бұрыңғыға қарағанда көп мүмкіндіктері бар. Академиялық мобилділік бағдарламасына қатысып, Польша, Чехия тағы басқа жоғарғы оқу орындарына баруға болады. Орыс, қазақ тілдерімен қоса, ағылшын тілін үйренуге көбірек уақыт бөлулерің керек. Бүгінгі мерекелеріңмен құттықтап, университет қабырғасында өткізілетін іс-шараларға үнемі қатысып жүріңдер» - деді ҚМУ-дың проректоры Ж.Жарлығасов. Жалпы іс-шара қызықты өтті.  Қатысушылар жақсы әсерде қалды. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина
Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ақмола облыстық ораторлар форумы аясында республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Аталмыш турнирге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларынан командалар қатысты. Республика деңгейінде өткізілген іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40 команда тіркелсе, олардың ішінен 24-і үздік іріктеліп сайысқа қатысты. Нәтижесінде  бас жүлдені Қостанай облысының «Аманкелді тарландары» командасы иеленді. Команданың бірінші спикері гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Нұрислам Жұмакеновке турнирдің бас жүлдесін табыстады.  Нұрисламды қол жеткізген жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
2016 жылдың 15 қарашасында ҚМУ-дың экономика факультетінде  Қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күні атап өтілді. «Қаржы және банк ісі»  кафедрасының профессор оқытушылары мен «Қаржы» мамандығының студенттері өздерінің  кәсіби мерекелері қарсаңында байқаулар жариялап, өткізді. Соның бірі кафедраның оқу топтары арасында ең үздік қабырға газетіне арналып өткізілген мерекелік байқау. Барлық студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, іс-шараға белсенді түрде қатысты. Болашақ жас мамандар  кафедраның оқытушыларын құттықтап, концерттік бағдарлама өткізді.
Бүгін ҚМУ-дың мәжіліс залында «Тамақ өнеркәсібі мен ғылым үшін заманауи зертханалық аспаптар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараны DistriTech, Anton-Paar (Австрия) компанияларының белгілі өкілдері Серік Ахметов және Дитмар Крогер мырза өткізді. Маңызы зор кездесуге Қостанай облысы бойынша кәсіпорын өкілдері, университетіміздің ғылыми қызметкерлері, шамамен 40-тан астам адам қатысты. Семинардың негізгі мақсаты әлемнің алдыңғы қатарлы, сапасы жоғары аналитикалық және өлшеуіш лабораториялық аспаптармен таныстыру болды. Қатысушылар құрылғылармен теориялық тұрғыдан танысып, тікелей компания өкілдеріне сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Австриялық Anton Paar компаниясы зертханалар үшін өнімнің сапасын тексеретін дәлдігі жоғары құрылғыларды өндіреді. Дитмар Крогердің айтуы бойынша компанияның негізгі мақсаты құрылғыларды, аспаптарды сату емес, клиенттермен тұрақты байланысты орнату.   DistriTech компаниясының өкілі Серік Ахметов заманауи құрылғылардың ерекшеліктері, сапасының маңыздылығы және ЖОО-дар үшін зертханалық жабдықтардың жеткізілімі жөнінде баяндап берді. Семинар соңында қатысушылар ойларымен бөлісіп, көрсетілген құрылғы, аспаптармен танысты.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина
Қазан айының 3-ші жұлдызынан 8-ші қарашасына дейін «Бірінші курс студенттерінің бейімделуі» тақырыбында психология және педагогика кафедрасындағы практикалық психология зертханасының лабораттары Ж.Ж. Ромашева және Г.Х. Ибраева тренингтер өткізді. Аталған іс-шараға университетіміздің барлық факультеттерінің студенттері, шамамен 720 адам қатысты.  Студенттер топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды бір-бірімен тілдесу арқылы орындады. Топтық тренинг түрі студенттермен жұмыс жасаудың тиімді әдісі болып есептелінеді. Жалпы іс-шара қызықты деңгейде өтті. Қатысушылар өздері жайлы көпшіліктің алдына шығып әңгімелеп, төрт жыл бойы бірге оқитын группаластары жайында біраз хабар алды. Тренингтің соңында студенттер практикалық психология зертханасының жұмысымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті. Тренингті ұйымдастырушылар деканның тәрбие жөніңдегі орындабасарларына, кураторларға, эдвайзерлерге осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды жиі өткізіп отыруға кеңес берді.