Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Математика әр қашанда күрделі сонымен қоса танымал пәндердің бірі. Геометрия, алгебра, сан теориясы және т.б. курстарының есеп жиынтықтарын шешуші студенттерден терең білімді, стандартқа лайық емес, логикалық ойлауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Дарынды студент жастарды қолдау мақсатында ақпараттық технологиялар факультетінің математика кафедрасы 2016 жылылдың 24 қарашасы күні математика пәні бойынша 1-2 курс студенттерінің арасында олимпиаданың I кезеңін өткізді. 6 желтоқсан күні олимпиаданың қорытындылары жарияланды. Басқа мамандық бойыншабілім алып жатқан студенттердің нәтижелері жоғары болды. Атап айтсақ, «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттерінің тапқырлығы ерекше көзге түсті. Нәтижесінде: 1 орынды – Математика мамандығының 2 курс студенті Колесникова Анна; 2 орынды – ЕТ және БҚЕ мамандығының 2 курс студенті Евлентьева Анастасия; 3 орынды – Математика мамандығының 2 курс студенті Гинолла Тоғжан және ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенті Танбергенова Меруерт қанжығаларына байлады. Алдағы уақытта үздік атанған жеңімпаздардың қатарынан халықаралық интелектуалдық сайыстарға қатысу үшін арнайы топ құру жоспарланып отыр.  Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
ҚМУ-дың психология және педагогика кафедрасында «Қазақстандағы бейдәстүрлі діни ағымдар» тақырыбында кураторлық ашық сағат өтті.  Іс-шарада дін және мәдениет, бейдәстүрлі діни бірлестіктер, бейдәстүрлі діни ағымдарға еліктіру әдістерін алдын-алу, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелері қарастырылды. Сабаққа Қостанай қаласының Діни мәселелерді зерттеу орталығының «Талдау және мониторинг» бөлімінің маманы Дисюков Д.А., философия кафедрасының доценті Бондаренко Ю.Я., Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселерін зерттеу орталығының директоры Шаукенов Ж.А. арнайы қонақ ретінде шақырылды. Д.А.Дисюков өз баяндамасында студенттердің қызығушылығын арттыру үшін, күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, бейдәстүрлі діни ұйымдардың іс-әрекеттері мен олардың еліктіру әдістерін алдын-алу туралы айтып берді. «Тұлғаға теріс бағытты ұстанатын діни ағымдардың әсері» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Ал, Ю.Я.Бондаренко өз баяндамасында дін мен мәдениеттің ара қатынастарын қарастырып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы айтты. Діни экстремизм және лаңкестіктің қайнар көздерінің Қазақ қоғамына әсері туралы сұрақтарды Ж.А.Шаукенов қарастырды.   Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында жасырын түрде «Біреудің сөзіне еліктейсіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, қатысушыларға «Дін және толеранттылық» атты буклеттер таратылды.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ спорт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған экономикалық факультетінің ұйымдастыруымен «Денсаулық күні» өтті. Аталған іс-шараның басты ерекшелігі жарысқа ЭФ-тің оқытушылары мен студенттерінің қатысуы болды. Қатысушылар жарыстың волейбол, дойбы, дартс, арқан тарту сияқты спорттық ойын түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде «Ең ширақ команда» деген атақ "Қаржы және банк ісі кафедрасының студенттері мен оқытушылардан құралған топқа берілсе, «Ең мейірімді команда» атағы басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының командасына, «Ең белсенді команда» бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының құрамасына берілді. «Экономикалық факультеттің ең спорттық кафедрасы-2016» атағы мен арнайы Кубок басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының оқытушылары мен студенттерінен құралған топқа табысталды. ЭФ ұжымы бәсекеге белсене атсалысқан оқытушылар мен студенттерге, жарысты ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен ФжСД кафедрасына, сонымен қатар демеушілік жасаған университет Кəсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Бекентайұлы Мәмиевке  шексіз алғысын білдіреді. Білектілер бақ сынаған байқауда жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.  
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қарашаның 25 күні «25 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Донор күні өтті. Іс-шараға университет басшылығы, студенттер белсене ат салысты. Акция барысында жоғары білікті мамандар келушінің қан тобын анықтап, оны түрлі қоздырғыштардан тазалығын тексерді. Донорларға жалақыны сақтау шартымен жұмыстан екі күнге босату туралы анықтама ұсынылды. Дәрігерлер кез-келген 18 жастан асқан, әрі салмағы 50 келіден жоғары болатын дені сау азамат қан тапсыра алатыны туралы ақпарат берді. «Қан тапсырам дегендер көп болды. Біздің университетіміздің қызметкерлері мен студенттері бұл іс-шараны толығымен қолдады. Басшылық атынан оларға шексіз алғысымызды білдіреміз! Қуантарлығы акцияға 200-ден астам адам қатысты» - дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Бекентайұлы Мәмиев. Қан тапсырғаннан кейін, іс-шараға қатысушылар сабақтарынан босатылып, тиісті демалыстарына жіберілді. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина
22 қараша күні ҚМУ-дың 2-ші ғимаратында көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Жайдарман» ойынының факультетаралық фестивалі өтті. Ойынға 9 студенттік топ қатысты. Олар: Алғабас (ЭФ), Шапалақ (АБФ), Әділет (ЗФ), Жатақхана жұлдыздары (Жатақхана №1), Элигант (ИТФ), ВЕТФАК құрамасы (ВжМШӨӨТФ), Әдемі (ГӘФ), КГУ МЭН (Жатақхана №2), Ізбасарлар (АТФ) командалары. «Жайдарманға» жиналғандардың барлығы жоғары дайындықпен келген. Олар күнделікті өмірдегі оқиғаларды әзілге қосып, көрерменге күлкі сыйлады. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, лайықты деңгейде өнер көрсетті. «КВН ойындары – бұл жастар үшін тапқырлықты шыңдап, әртістік қабілетті көрсетуге үлкен мүмкіндік», - деді ҚМУ жайдарман қауымдастығының төрағасы Ақбидаев Айдар Қайратұлы. Қазылар алқасының шешімі бойынша жартылай финалға КГУ МЭН, Әдемі, Жатақхана жұлдыздары, Әділет, Ізбасарлар, ВЕТФАК құрамасы, Алғабас командалары өтті. Ойынның үздігі деп танылған КГУ МЭН командасына  салтанатты түрде Кубок тапсырылды.  Тағы бір айта кетерлігі, көрермендердің көңілінен шығып, сүйікті ойыншыларына айналған «Ең үздік актриса» атағы гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенті Ахан Меруертке берілсе, «Ең үздік актер» атағы аграрлық-биологиялық факультетінің студенті Бейсенбек Мейрамбек жайдарманшыға берілді. Ал, Рахым Жазира «Ең үздік музыка әрлеуші» деген атаққа ие болды. Қатысушылар сайыстың жоғары деңгейде өткізілуіне себепкер болған Жастар бастамасын дамыту орталығының меңгерушісі Болат Назымұлы Қалиевке шексіз алғыстарын білдірді. ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина
2016 жылдың 19-шы қарашасы күні ҚМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Денсаулық күні» атты спорттық іс-шара өтті. Жарыс бағдарламасына «Көңілді старт», волейбол, дойбы, үстел теннисі, дартс сынды спорттық ойындар кірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сайыс барысында студенттер мен оқытушылар бірлесе жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Айтулы шарадан жарысқа қатысушылар да, қолдауға келген көрермендер де жақсы көңіл-күймен тарқасты. ГӘФ ұжымы бәсекеге белсене атсалысқан оқытушылар мен студенттерге, жарысты ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен ФжСД кафедрасына, сонымен қатар демеушілік жасаған университет Кəсіподағына шексіз алғысын білдіреді. Білектілер бақ сынаған байқауда жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.