Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасында филология ғылымдарының докторы, РҒА профессоры (Ресей, Мәскеу қ.) Ирина Советовна Карабулатова арнайы іс-сапармен келіп, дәріс сабақтар өткізді. Сапар барысында профессор Карабулатова И.С. «Филология» мамандығында қазақ, орыс тілдерінде білім алып жақан топтарының студенттеріне және магистранттарына тілдік қатынастар, ономастика, психолингвистика мәселелері, лингвофольклористика, мәдениаралық коммуникацияның этнопсихолингвистикалық мәселелері бойынша дәріс  оқыды. Сонымен қатар,  оқытушылар, магистранттар және студенттер үшін «Эволюцияполилингвокультурной языковой личности в ситуации глобализации и миграции» тақырыбында кеңес жүргізді. ҚМУ-дың мамандарымен жұмыс жүргізу барысында магистранттарға арналған «Невербальные средства коммуникации в аспекте полилингвизма» пәні бойынша бағдарлама әзірленді (авторлары: Карабулатова И.С., Ахметова Б.З.). Профессор Карабулатова И.С. халықаралық және ғылыми ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде: электронды-ақпараттық замандағы заманауи тұлға трансформациялануының мега концептуалды феноменін зерделейтін ортақ зерттеулер, жобалар жүргізу ұсынысын жасады.  Алдағы уақытта да осындай маңызы зор арнайы оқыту курстарын өткізу жоспарланып отыр. Студенттердің айтуы бойынша, профессордың дәріс сабақтары кәсіби тұрғыдан қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.  
Половниковка ауылында тұратын Базаровтардың үйі өртенді. Құдай сақтап тұрғындар бұл күні үйде болмаған. Бірақ тозығы жеткен ескі ғимарат түгі қалмай жанып кетті. Осы үйді паналап келген отбасы қыстың көзі қырауда далада қалғаны туралы ҚМУ-дың психология және педагогика кафедрасының профессоры, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының аналар облыстық кеңесінің төрағасы Лилия Саркисян естіп, бірден отбасыға көмек көрсету жолдарын іздестіре бастады. ҚМУ ректоры Хусаин Хасенұлы Валиев бұл хабарды естіп, шұғыл түрде ақшалай көмек көрсетудің жолдарын қарастырды. ҚМУ-дың профессор-оқытушылар ұжымы, университет қызметкерлері, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәмиев Нұрлан Бекентайұлы, студенттер бірігіп, қаражат жинау жұмыстарын бірден бастап кетті. Осылайша көптің қатысуымен үш күннің ішінде бір жарым миллион ақша жиналды. Ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында 15 желтоқсан күні ҚМУ-дың кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәмиев Нұрлан Бекентайұлы, психология және педагогика кафедрасының профессоры Лилия Саркисян, стратегиялық даму басқармасының бас маманы, информатика және математика кафедрасының доценті Тастанов Мейрамбек Ғабдуалиұлы және студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Манатов Аслан Базаров отбасына барып, үйді сатып алуға жиналған ақшаны қолма-қол тапсырды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымы Базаров отбасына зор денсаулық, бақытты өмір тілейді. Ал, Ахаң атындағы шаңырақта адал қызмет етіп жүрген, адамгершілік қасиеттері мол тұлғалардың осы қайырымдылық көмегі ҚМУ-дың тарихында өшпес өнеге болып, мәңгі сақталады.
ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кітапханасында "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының студенттері тақырыптық кездесу өткізді. Жиналғандардың алдында ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Медетов Нұрлан Әмірұлы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі  Салыкова Ольга Сергеевна құттықтау сөз сөйледі. Іс-шарада "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1-ші курс студенті Асан Мадина домбырамен күй орындаса, орыс бөлімінің 3-курс студенті Какора Юлия патриоттық әндер айтты. Сонымен қатар, студенттер Тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарын оқыды. Жастар аталған іс-шапраға белсенді түрде қатысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ақпараттық технологиялар факультетінің ЕТ және БҚЕ мамандығының студентері жұмыс берушілермен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында  ЕТ және БҚЕ және АЖ мамандықтарының 2 курс студенттері арасында «Web – дизайн» саласы бойынша практикаға бейімделген оқу жобалар байқауы өткізілді. Оқу жобалар байқауының негізгі мақсаты – қазіргі білім берудегі жобалық оқыту әдістемелік тәжірибе алмасу бағытында, заманауи Web сайт жасауға  жаңа Web технологияларды қолдану шеберлігін көрсету. Кездесуге Қостанай қалалық әкімшілігінің білім беру бөлімінің ақпараттық технологиялар орталығының бас маманы Елекеев Асқар және «EsbolStudio» мекемесінің директоры Жатканов Есбол қатысты. Жұмыс берушілер оқу жобасы байқауына қатысқан студенттерге сертификат тапсырды. ЕТ және БҚЕ кафедрасының меңгерушісі Салыкова О.С. шақырылған жұмыс берушілерді Алғыс хатпен марапаттады.
2016-2017 жылы кәсіптік бағдарлау және кәсіптік даму бөлімінің жоспарына сәйкес, бөлімнің бас мамандары Кабдрахметов Н.И., Ковалёва Н.В., экономикалық факультетінің аға оқытушысы Жусупова Г.Б. және ЭФ 1 курс студенті Мухамбетов А. Лисаковск қаласының әкімдігінің оқу білім бөлімімен бірігіп, қаланың мектептері мен колледжінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың орындалуына байланысты өтті. Кәсіптік бағдарлау жұмысына 7 мектептің (ОМ № 1,3,4,6, мектеп гимназия, мектеп лицей, Октябрь ОМ) 128 түлегі және Лисаковск қаласының техникалық колледжінің 21 түлегі қатысты.  
ҚМУ-дың «Білім Орталығы» ғылыми кітапханасыда Тәуелсіздік күніне орай экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Жиентаев студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры А.А. Әбсадықов және Медиа-студияның  меңгерушісі А.Қ. Шаяхмет қатысты. Профессор Сансызбай Мұхаметқалиұлы  жас мемлекеттің қалыптасу барысы туралы өз ойларымен бөлісті. «Жас мемлекеттің құрылуы кезінде барлығы да жеңіл болмады. Қазақстан – экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, халық санының өсуінің төмендеуі, жұмыссыздық, экологиялық мәселелер, қылмыс сияқты қиыншылықтарға тап болды. Қазақстан жайлы Батыс Еуропа да, басқа континентте білмеді. Бірақ, біздің Президентіміздің арқасында еліміздің ішкі және сыртқы жағдайы түбегейлі өзгерді. Қазіргі заманғы Қазақстан – тәуелсіз, егемен, тұрақты экономика және ұтымды болашақ жоспарлары бар  демократиялық мемлекет. Еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы жастардың негізгі жұмысы – жақсы оқу, Отанға деген махаббат, еліміздің көркендеуіне риясыз еңбек ету» – деді профессор. Іс-шара С.М. Жиентаевтың қайырымдылық акциясымен аяқталды. Студенттерге профессордың жеке кітапханасынан кітаптар сыйға тартылды. Кітаптардың көп бөлігі студенттердің қолына құрметті профессордың қолтаңбасымен берілді. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай маңызы зор кездесулерді өткізу жоспарланып отыр.