А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы О.В. Ельчищеваның бастамасымен жыл сайын (6 жыл) жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық іс-шарасы өткізіледі. Аталған қайырымдылық шара Қостанай қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы тәрбиенушілерге жаңа жылдық сыйлықтар жинап, ертегі әлеміне саяхат жасауға бағытталған. Университеттің оқытушылар ұжымы мен студентері бұл іс-шараға жоғары белсенділікпен жылда қатысады.
КТБО балаларына жиналған барлық сыйлықтар 2016 жылдың 28 желтоқсанда жаңа жылдық шырша мерекесі күні тапсырылды. Бұл күні қатысушылар сәнді, мерекелік костюмдер киіп спектакль көрсетті. Кеш соңында балаларға бос уақытты тиімді өткізуге арналған, ойлау қабілетін дамытатын арнайы ойындар, тәтті сыйлықтар және ойыншықтар тапсырылды.
Жиналған сыйлықтардың көптігіне байланысты кафедра ұжымы жартысын Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығына тапсыру шешімі қабылданды. Тәтті сыйлықтар орталық балабақшасының тәрбиеленушілеріне жаңа жыл шыршасында тапсырылады деп жоспарлануда.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталықтарының әкімшілігі педагогика және психология кафедрасының оқытушыларына, студенттеріне, ЖОО басшылығына арнайы алғыс хат жіберді.
Кафедра ұжымы қайырымдылық іс-шараға ат салысқан, қаржылай көмек көрсеткен сиқыршыларға, "А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың даму қорына" шексіз ризашылығын білдіреді.