Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Новосібір мемлекеттік университетінде 2-4 ақпан күні жаппай диктантты ұйымдастырушылар мен сарапшылардың жыл сайынғы өткізілетін конференциясында жобаның өткізілу күні жарияланды. «Жаппай диктант» Халықаралық білім беру акциясы 2017 жылдың 8-ші сәуірде өткізілетіні белгілі болды. Жаппай диктант – бұл жыл сайын өткізілетін білім беру іс-шарасы. Негізгі мақсат: сауатты жазу мәдениетін дамытуға назар аударып, қателіктерді жөндеу. Ерекшелігі: іс-шараға кез келген адам қатысып, өз білімін тексере алады. Жоба әлемнің және Қазақстанның көптеген қалаларында дәстүрлі түрде бір мезгілде, бір уақытта (сағаттық белдеулерді ескере отырып) өткізіліп тұрады. Қостанай қаласында аталған жоба 2017 жылдың 8-ші сәуірінде, сағат 14:00, 108 дәрісханада өткізіледі деп жоспарлануда (өту орны қатысушылардың санына байланысты өзгеруі мүмкін). Қостанай қаласы бойынша модератор: Айкүміс Әбдібекова. Толық ақпаратты көрсетілген сілтеме арқылы өтіп алуға болады Жаппай диктант, Қостанай қ.
2017 жылдың ақпан айының 6-8 аралығында бағдарламаны қамтамасыз ету кафедрасында ИИДМБ-2 оқу бөлігін жүзеге асыру аясында магистрлік жобаларды қорғау өтті. Қорғауға инновациялық кәсіпорындардың өкілдері және Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің ғылым докторы Е.П Романов қатысты. Магистранттар магистрлік диссертацияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде қорғап, өздері әзірлеген мехатронды модульдердің түрлі үлгілері мен конструкцияларын көрсетті. Аттестация комиссиясы ұсынылған жобалардың жоғары ғылыми және практикалық маңыздылығын атап өтті. Орындалған жұмыстардың өзектілігі өндіріске енгізу актімен расталды.
2017 жылдың 3-ші ақпанында ҚМУ-дың аграрлық-биологиялық факультетінде Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Э.Е. Есенова «Бронх демікпесін алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: бронх демікпесін алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша студенттерге ақпарат беру болды. «Бронх демкпесі – қалыпты демалуға кедергі келтіретін ауру. Оны алдын алудың жолдарын бәрі білген жөн. Әр ата-ана өз баласына кішкентайынан бастап бөлмесін тазалықта ұстауды үйретуі керек. Уақытында бөлмені желдетіп, шаң-тозаңды, еденді ылғалды шүберекпен сүртіп отырған дұрыс» - деді, маман Э.Е.Есенова. Студенттердің қозғалған тақырып бойынша қызығушылықтары жоғары болды. Олар келген маманға сұрақтар қойды.
ҚМУ-дың экология кафедрасының оқытушылары Г.Б. Юнусова мен А.И. Хасанова «Су қорларды интегралды басқару (СҚИБ): экономикалық және құқықтық аспектілері» атты тренингке қатысты.  Тренинг ЕС/ ПРООН/ ЕЭК ООН «Жасыл экономика үлгісіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жоба аясында Қазақстандық ЖОО су секторының оқытушылары үшін Қазақстандық-Неміс университетінде өтті. Дәрістер мен практикалық сабақтарды Б.Януш-Павлетта – Қазақстандық-Неміс университетінің профессоры (Алматы), М.П. ван Дейк – ЮНЕСКО су білім беру институтының профессоры (Делфт, Нидерланды), профессор С.Ибатуллин – Қазақстанның БҰҰ ЕЭК кеңесшісі, доцент М.Нарбаев – Аралды құтқару қоры, Қазақстандағы атқарушы дирекциясы, А.Николаенко – GIZ TWMCA аймақтық кеңесшісі өткізді. Тыңдаушылар гидроэнергетиканың институционалдық және құқықтық ықпал етуі, коммуналдық секторлар мен Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты егіншілікте суды тұтынуы туралы ақпарат алды. Салыстырмалы түрде Африка мен ЕО елдеріндегі жағдайлар мысал ретінде қарастырылды. Бенчмаркинг әдісімен экологиялық және әлеуметтік мәліметтерді экономикалық талдау, суды аймақтық деңгейде тиімді қолдану әдістерін таңдауға мүмкіндік береді (Қытайда, Сингапурде жүзеге асырылған мысалдар) . Тренингте су ресурстарын бағалау үшін құқықтық және экономикалық ақпаратты қолдану бойынша алынған дағдылар бағалы болды.
2017 жылдың 27-ші қаңтарында ҚМУ-дың ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «Түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу және олардың еңбек нарығында әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жәрдемдесу. Кездесудің модераторлары ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушылары Г.Х. Хайров және Г.А. Нагурбекова болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына: Қостанай облысы әкімдігі облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі Ш.Ж.Тасмағамбетов, Алтынсарин, Қарабалық, Қарасу, Федоров, Қостанай аудандары әкімдігінің ветеринария мемлекеттік мекеме бөлімшелерінің басшылары, оқытушылар және студенттер қатысты. «2017 жылы 100-ге жуық мал дәрігерлері оқу орнын бітіреді. Олардың 50-і күндізгі оқу бөлімінің студенттері болса, 11-і ауылдық квота бойынша оқиды» деп, ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Аубакиров мәлімдеді. Жұмыс берушілер болашақ мамандардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, түлектерді жұмысқа орналастыру және қабылдау ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, түлектерге мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып, дипломдық жұмысты сәтті қорғауға тілектестіктерін білдірді.
2017-ші жылдың 27-ші қаңтарында Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының дәрісханасында «Ахмет Байтұрсынұлын еске алу күні» тақырыбында сабақ өтті. Іс-шараға ҚМУ-дың заң факультетінің «Тарих» және «Аймақтану» мамандығының 1-ші, 2-ші курс студенттері қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты: студенттерге қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы ой бөлісіп, ақпарат беру болды. Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ералина Ақмарал Ерікқызы «Алаш Орда және Қостанай облысы тұрғындарының тағдыры мұрағат құжаттарының беттерінде» атты баяндама оқыды. Студенттер оқытушының тақырыбына қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ, сабақ барысында студенттерге Ахмет Байтұрсынұлы фильмі көрсетілді. Сабақтың соңында жастарға ұлтымыздың ұлы ұстазы туралы арнайы экскурсия өткізілді.