Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2017 жылдың 11-ші наурызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің № 2-ші, 3-ші ғимараттардың спорттық залдарында «Спорттық жарыс» ойындары өтті. Ойынға 4 топтан құралған университеттің барлық факультеттердің студенттері мен профессор-оқытушылар командасы қатысты. Жарыстың әділ өтуін қадағалаған арнайы құрылған комиссияның құрамында: ДжәнеСП кафедрасының аға оқытушылары П.В. Крупенкин, О.В. Кононенко, Б.С. Темірханов, Р.И. Шагабутдинов К. Байділдінов болды. Наурыз мейрамына арнайы ұйымдастырылған спорттық ойындардың ашылу салтанатында ВжәнеМШТ факультетінің деканы А.Ж. Исабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлықтарын, жылдамдықтарын, күшін, бір ізділігін, бірлігін, ұйымшылдық қасиеттерін толығымен көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша ең мықтылар жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінде «Қазіргі заманғы тұтынушының рөлі» тақырыбында семинар-байқау өтті. Байқау экономика және инженерлік-техникалық  факультеттерінің студенттері арасында өткізілді. Модератор Шмидт Вера Арнольдовна қатысушыларды байқау ережелерімен, тапсырмаларды орындау шарттарымен таныстырды. Іс-шараға университеттің аграрлық-биологиялық,  инженерлік-техникалық, ветеринарлық жән мал шаруашылық технологиясы факультеттерінің студенттері көрермен болып қатысып, белсенділік танытты. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.
ҚМУ-дың гуматитарлық-әлеуметтік факультетінің оқу залында психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы О.В. Eлчищеваның ұйымдастыруымен  «Қайырымдылық» тақырыбында жалпы университеттік дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға профессор-сарапшылар: ветеринария ғылымдарының докторы В.И. Гершун, психология ғылымдарының кандидаты Л.В. Саркисян, арнайы шақырылған қонақтар: Қостанай қаласының кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары С.Г. Наурзбекова, Қостанай қаласының әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының психологы О.А. Власова, М.Горький атындағы мектеп-гимназияның психолог маманы Д.С. Туркестанова, ҚМУ-дың жоғары студенттер кеңесінің өкілі А. Манатов және «Психология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Жиналғандар тақырып бойынша баяндама жасап, қайырымдылыққа байланысты іс-шаралардың жүргізілуінің маңызына тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар өткізілген жұмыстарды қорытындылап, өздерінің бай тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстел интерактивті әңгімелесу түріде өткізілгендіктен, әр студент пікірін ашық жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар бекітіліп, қайырымдылық іс-шараларына қатысатын адамдар санын көбейту қажеттіліктері айтылды.          
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінде «Медиация – дауларды шешудегі оңтайлы тәсіл» тақырыбында «on-line» режимінде дөңгелек үстел өтті. Кездесудің ұйымдастырушысы Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ. Ахмединова болды. Аталған іс-шараға Сібір конфликтология орталығы, кәсіби медиаторлар, Қостанай облысының судьялары, сондай-ақ, заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Мамандар медиацияның өзекті және күрделі мәселелерін қарастырып, пікір алмасты. Соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы медиацияның даму тәжірибесіне тоқталып, баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар медиацияның жүзеге асырылуы мен әркімнің өз саласында медиацияны пайдаланудағы күрделі жақтары мен ерекшеліктерін атап көрсетті.  
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу Орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру аясында, Заң факультетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушылары ҚР ІІМ ОО оқытушылар құрамымен осы жылдың қаңтар – ақпан  айларында ҚР ІІМ ОО әкімшілік ғимаратында кездесулер, семинарлар және еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау іс-шаралары өткізілді. Кездесу барысында келесі сұрақтар қарастырылды: 1. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің білім беру қызметін насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру; 2. Білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру; 3. Тараптармен ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарлар мен ғылыми-практикалық  конференцияларға және кез келген басқа да іс-шараларға өкілдердің қатысуы арқылы, тиісті қызмет салаларында жинақталған тәжірибе мен білімдермен алмасу; 4. Оқу үрдісі мен оқудан тыс тәжірибе  ұйымдастыру аясында ақысыз оқу-семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Сонымен қатар, ҚМУ-дың  құқық және процесс кафедрасының оқытушылар құрамымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары», «Қылмыстық теріс қылықты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тәртібі» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар берілді.           
2017 жылдың 22   ақпанында Қаржы және банк ісі кафедрасында «Экономикалық факультеттің инновациялық әдістемелер айлығы»  бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі жағдайы: шын қалпы және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға банк жүйесінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен  5В050900-Қаржы мамандығының студенттері шақырылды.      5В50900-Қаржы мамандығының 3 курс студенттері  Исмагамбетова Гульдана «Мемлекеттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары»  және  Александрова Анастасия   «Онлайн – Микрокредит беру нарығы» атты баяндамалар жасады. «Жилстройсбербанк» АҚ клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Аскарова А.Д 2017 жылға арналған  жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы және жилстройжинақтау жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде айтып берді.    Қостанай қаласындағы «Сбербанк» АҚ ДБ өкілі Гарась Александр Владимирович - кіші бизнеспен жұмыс жасау бөлімінің басшысы - студенттерге проблемалы несиелермен және кіші бизнеспен жұмыс жасаудың ерекшеліктері туралы айтып берді.   Кедесу соңында   дөңгелек үстелге қатысушы студенттер  түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, оған түпкілікті жауаптар алды. Студенттер бұл шараға жоғары деңгейде қызығушылық білдірді.