Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында көптілді топтар арасында ағылшын тілінен Олимпиада өтті. Байқауға «Транспорт», «ЕТ және БҚЕ», «Экология» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 50-ден астам екінші курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді. 1) Іріктеу кезеңі (лексика-грамматикалық тест); 2) Оқу, тыңдау және сөйлеу (reading, listening and speaking).  Қатысушылардың ағылшын тілін білу деңгейін тексеру барысында, қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындықпен келгендерін атап айтты. Қорытынды кезеңде әр қатысушының жинаған жалпы ұпай саны есептелді. Нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, жүлделі орындарға ие болғандар анықталды. Олар: 1 орын – Мухтаров Данияр (ЕТ және БҚЕ); 2 орын – Сеилов Бахтияр  (Аймақтану); 3 орын – Дуйсенбаев Рамазан (Экология). Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаздарды мадақтама қағаздармен мадақтап, ағылшын тілін меңгеруде табыс тіледі.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың күрес залында қазақша күрестен турнир өтті. Жарысқа экономикалық факультеттің барлық курстары мен мамандықтарының 30-дан астам ер балалары қатысты. Жарыс 55, 66 және 74+ келі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді. Турнирде жастар қазақша күрестен бар өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде барлық кезеңдер бойынша жекпе-жектің ұпай сандары есептелініп, жеңімпаздар анықтарды.   55 келі салмаққа дейін: 1 орын - Альмурзин Арслан, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті; 2 орын - Жарқынбек Ислам, «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті; 3 орын - Мусин Эльдар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті.   66 келі салмаққа дейін: 1 орын - Балмаш Абай, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті; 2 орын - Боранбайұлы Мағжан, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті; 3 орын - Ғалым Жанайдар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті.   74+ келі салмақта: 1 орын - Әбсалық Заманбек, «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті; 2 орын - Қайырбек Жәнібек, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті; 3 орын - Оралбеков Ержігіт, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті. «Түйе балуан» кубогын және «Эконом барысы» атағын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті, қазақша күрес бойынша спорт шеберіне үміткер Балмаш Абай иеленді. Турнирді ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізуге тілектестіктерін білдірді.    
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында көптілді топтар арасында ағылшын тілінен олимпиада өтті. Байқауға «Тарих», «Физика», «Электроэнергетика», «Транспорт», «Экология» және «ЕТ және БҚЕ» мамандықтарының 100-ден астам студенті қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен құралды: бірінші – іріктеу кезеңі (лексика-грамматикалық тест), екінші  – оқу және тыңдау (reading and listening), үшінші  – сөйлеу (speaking). Соңғы айналымға Нам Диана (ЕТ және БҚЕ), Криволапов Руслан (Тарих), Магамбетов Тимур (Физика), Сухарев Алексей (Электроэнергетика), Байшуаков Руслан (Физика), Хамзеева Гульзира (Физика), Инертбаев Дамир (Транспорт), Ауезбек темирлан (Транспорт), Аскарова Жанерке (Экология), Нуржанова Айым (Экология) өтті. Жеңімпаздар соңғы кезеңде анықталды. Қатысушылар ақтық кезеңде әр түрлі тақырыптар бойынша дайындықсыз ауызша сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Қазылар алқасы олимпиаданың финалына шыққан студенттердің жоғары деңгейін атап айтып өтті. Нәтижесінде, 1-ші орынды Сухарев Алексей (Электроэнергетика) алса, 2-ші орынды Нам Диана (ЕТ және БҚЕ) мен Мағамбетов Тимур (Физика) иеленді. Ал, 3-ші орынды Криволапов Руслан (Тарих), Байшуақов Руслан (Физика), Әуезбек Темірлан (Транспорт) жеңіп алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, ағылшын тілін меңгеруде табыс тілейді.
ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері жыл сайын өткізілетін түлекпен кездесу жиынын өткізді. Кездесуге кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары мен жоғары курстың студенттері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер мен түлектердің қарым-қатынасын үзбей, қызметте түлектердің кәсіби бейімделу жолдарымен танысу болды. Бұл жолы болашақ мамандар Айбек Қоқанбековпен кездесті. Айбек жоо-ды тәмамдаған соң, бірнеше жыл Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе жинап, біліктілігі жоғары бағдарламашыға айналды. Ол ҚР Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі үшін маңызды мемлекеттік жобаларды әзірледі. Қазіргі уақытта Айбек Назарбаев университетінде ауқымды жобамен жұмыс істейді. Айбек студенттерге еңбек нарығында талап етілген маман болу туралы кеңестер беріп, жаһандық мақсаттарды жүзеге асыру үшін сапалы білім алу қажеттіліктерінің маңыздылығына тоқталып өтті. Кездесу барысында ол студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, бай тәжірибесімен бөлісті.
2017 жыл 17 наурызда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Заң факультетінде 2-3 курстың студенттері Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Асылбеков Жаслан Сламбекұлымен кездесті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, судья Ж.С. Асылбеков Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндірді. Кездесу барысында студенттер соттың негізгі ерекшеліктері, қаладағы қылмыстың деңгейі туралы, басқа да сұрақтар қойды.
Университеттің бас ғимаратының мәжіліс-залында ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Жарлығасов әскери-жұмылдыру бөлімімен (ӘЖБ) бірлескен «А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасалған жұмыс барысы туралы (2016 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін) ӘЖБ бастығы К. Баймагамбетова ақпарат берді. Объектілік құрылымдардың, эвакуациялық комиссияның  құрамына енген университет қызметкерлері Азаматтық қорғаныс бойынша ректордың бұйрықтарымен танысып, ӘЖБ әзірлеген  лауазымдық нұсқаулықтарды, міндеттері және  топтар, бөлімдер бойынша тапсырмаларын алды.