Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2017 жылдың 14-ші сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың «Білім орталығы» ғылыми кітапханасында автор құқығы мен дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап түні-2017» акциясы өтті. «Кітапхана түні» акциясы – кітапханашылардың ұйымшылдықпен, зор еңбекпен атқаратын, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланыстың нығая түсуіне септігін тигізетін дәстүрлі, ауқымды шара. Акцияның бағдарламасы бойынша студенттер қызықты жарыс ойындарға қатысты: сахналық қойылымдар көрсетті, ән айтты, би биледі, лирикалық өлеңдер оқыды, қолдан жасалған сән үлгілерін көрсетті. «Аталмыш іс-шараны біз алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Акцияға ерекше дайындалдық. Біз студенттерді тек кітап арқылы қызықтырмай, сондай-ақ, осындай қызықты шығармашылық мән-мағынасы зор шарамен де қуантқымыз келді. Жастардың белсенділігі өте жоғары. Бүгінгі бағдарлама студенттер үшін қызықты болады. Арнайы сыйлықтар да қарастырылған» –деді, Жәмилә Ержанова – «Білім орталығы» ғылыми кітапхананың  меңгерушісі. Студенттердің сұрауы бойынша «Кітап түні-2017» акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.
2017 жылдың 7-ші сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс-залында «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуындағы психологиялық ғылым мен тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы п.ғ.к., ҚМУ професорры  Л.В.Саркисян болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР парламенті Мәжілісінің және Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары, Қостанай облыстық және қалалық білім беру бөлімінің басшылары, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Қостанай облысының ІІД мен прокуратура өкілдері, Қостанай облысы әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, Қостанай облысының ҚХА аналар кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері, «Психология» мамандығының магистранттары мен түлектер қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар қозғалған тақырып бойынша баяндама оқып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Студенттер кәсіпқой мамандардың баяндамалары маңызды ақпаратқа толы болғанын айтты. Кездесуге қатысқандар шараны ұйымдастырушыларға дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде өткізілгені үшін алғыстарын білдірді.
2017 жылдың 6 сәуірінде ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде инновациялық әдістемелік айлық шарасы аясында «Студенттік ортада қылмысты алдын алу» тақырыбы бойынша Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға Қостанай облысы Ішкі істер департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының ерекше істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция майоры  Ерадилова Айгүл Қабденқызы және Қостанай облысы наркологиялық диспансерінің психологы Масленникова Елена Ивановна арнайы шақырылды. Студенттер мен оқытушылар Қостанай облысы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының іс-шараларымен, заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік туралы қосымша ақпаратпен танысты. Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттіліктері мен жастар арасында есірткіге қарсы күрес шараларын жүргізудің маңыздылығы туралы әңгімеледі.
2017 жылдың 6 сәуірінде ҚМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде «Факультеттің үздік кураторы» байқауы өтті. Іріктеу кезеңнің нәтижелері бойынша факультеттің 3 кафедрасының үздік кураторлары финалға жолдама алды: психология және педагогика кафедрасының оқытушысы Ибраева Гүлзат Хамзақызы, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Төлегенова Шынар Исланбекқызы, шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Аймұханова Дарина Темірқызы. Финалда байқауға қатысушылар өздерінің куратор ретіндегі жұмысын көпшіліктің назарына ұсынып, кураторлық сағаттың үзіндісі арқылы студенттермен жұмыс жасау дағдысын көрсете білді. Байқау жоғары деңгейде өтті. Өз кураторларын қолдау үшін студенттер де келді. Нәтижесінде, 1-ші орынды  Төлегенова Шынар Исланбекқызы, 2-ші орынды Аймұханова Дарина Темірқызы, 3-ші орынды Ибраева Гүлзат Хамзақызы жеңіп алды. Байқауды ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да жалпыуниверситеттік cтуденттердің «Парасатты жастар» бизнес-жобаларының байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, жүргізіп жатқан ғылыми жобаларының сапасын қамтамасыз ету. Инновациялық жобалар байқауы үш кезең бойынша өтті:     Бірінші кезең – факультеттік. 05.11.2016 -  25.12.2016 ж. Екінші кезең – университеттік. 22-24 ақпан 2017 жыл. Үшінші кезең – өтпеді. Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша ең үздік студенттік бизнес-жобалар таңдалды. № Жобаның атауы Авторлары Ғылыми жетекші Баллдық қорытынды Жүлделі орын 1 Жеміс жидектерден тосап өндіру Өтеген М., Калиева А. Нурпеисова Ж. С. 38 1 2 Производство биогумуса с использованием калифорнийских червей Акатаева К., Писаренко В., Ефимик О. Шмидт В. А. 31,6 2 3     Ремонт и обслуживание компьютерной техники Нурушев Д., Шульга И., Жаксылык Е. Бегалин А.Ш. 30,4 3 4 «Шаг навстречу» Ханапина А., Алтынбаева Д. Коваленок А В 30,4 3 5 Программа автоматизиции автокредитной деятельности банка Хамитов Т. Вардиашвили Н.Н. 30,4 3    
2017 жылдың сәуірдің 3-де бас ғимараттың мәжіліс-залында «Менің таңдауым ҚМУ» видеороликтер байқауының қорытынды кезеңі өтті. Бас жүлде ҚМУ-дың таңдаған мамандығына оқуға түсіп, тегін білім алу сертификатының иегері атану болды. Байқауға Қостанай қаласының және Қостанай облысының орта білімді 11 сынып оқушылары мен колледж шәкірттері қатысты. Соңғы кезеңге 7 ең үздік видеоролик өтті. Қатысушылар баға беруші әділқазылар алқасына өздері дайындаған бейнероликтерін ұсынып, қорғады. Бейнебаянда олар өздері туралы айтып, Ахаң атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға неге түскілері келетінін айтып жеткізуге тырысты. Барлық жұмыстар қаралған соң, әділқазылар алқасының шешімі бойынша Мәлика Махмұтова мен Айзада Өміртаеваның бейнероликтері «үздік» деп танылды. Енді жеңіске жеткен оқушылардың басты міндеті – ұлттық  бірыңғай тестілеуден бекітілген жоо-ға түсу ұпайын жинау. Сонда ғана грант сертификаты беріледі. Іс-шараның соңында «Менің таңдауым ҚМУ» видеороликтер байқауының ақтық кезеңіне өткен барлық қатысушыларға дипломдар тапсырылды.