А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың №2-ші ғимаратының 103 дәрісханасында экономикалық факультеттің ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Кездесудің модераторы э.ғ.д., профессор С.М. Жиентаев болды. Іс-шараға 100 астам адам: университетіміздің профессор-оқытушылар ұжымы мен студенттер қатысты.
Кездесуді өткізу барысында э.ғ.д., профессор С.М.Жиентаевтың, э.ғ.к., экономика кафедрасының аға оқытушысы С.У.Турежановтың, ф.ғ.к., философия кафедрасының аға оқытушысы Д.А.Качеевтің баяндамалары тыңдалды.
Іс-шарада Қазақстанның экономикасын жаһандандырудың мәселелері мен келешегі, АӨК шағын-кластерлік өндірістері қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық шарттары, жанжалдар және оларды шешу жолдары талқыланды.
Аталған іс-шара оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ маман иелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырыпты талғылауда белсенділік танытты.