Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2017 жылдың 27-ші сәуірінде ақпараттық технологиялар факультетінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында колледж студенттері арасында спорттық бағдарламалаудан жыл сайынғы ашық олимпиада өткізілді. Сайысқа Қостанай қаласының 6 оқу орындары қатысты: Қостанай политехникалық колледжі, Лисаков техникалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, ҚИнЭУ колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі және Жетіқара политехникалық колледжі. Шараның бас қонағы «Profi Escort» директорының орынбасары Евгений Жуковский болды. Арнайы құрылған комиссия  олимпиаданың жеңімпаздарын анықтады. Олар: 1 орын – Тасболат Төлегенов (Қостанай политехникалық колледжі); 2 орын – Руслан Наурзалинов (ҚИнЭУ колледжі); 3 орын – Максим Лукьянов (Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі) болды. Қорытынды кезеңде барлық қатысушыларға тиісті стертификаттар табыс етілді.
2017 жылдың 27-ші сәуірінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында «Өнер» студиясының есеп беру концерті өтті. Дәстүр бойынша жылына бір рет қорытынды концерт беретін «Өнер» студиясының биылғы есеп беру концерті ерекше болды. Концерттік бағдарламада студенттер өздерінің өнерлерін көпшілік қауымға паш етті. Кеште күй ойналды, ән шырқалды, мың бұралған бишілер түрлі халықтардың биін биледі. Аталмыш концертті «Өнер» студиясының директоры, Қазақстанның белгілі халық ақыны Әсия Беркенова ұйымдастырды. Әсия Әйіпқызының айтуынша  кештің басты мақсаты ұллтық өнерді насихаттау. Іс-шараның соңында заң, аграрлық-биологиялық, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеттерінің декандары сахна төріне шығып, факультетте білім алып жатқан және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерге бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.
Студенттердің математикаға деген қызығушылығын арттыру және қарапайым заттардан әдемілік және ерекшелік көре білу қасиетін жетілдіру мақсатында ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің математика кафедрасы «Мен математиканы сүйемін!» атты фотокөрме ұйымдастырды. Осы көрмеге ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері ғана емес, сонымен қатар инженерлік-техникалық, аграрлық-биологиялық, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің студенттері де қатысты. Ақпараттық технологиялар факультетінің 2-қабатында осы тақырыпқа сай түрлі фотосуреттерді тамашалауға болады. Математика кафедрасының оқытушылар ұжымы фотокөрменің қатысушыларына жоғары белсенділік үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдіреді.  
Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың заң факультетінде қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Б.З.Саламатованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 сәуірінде Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істерінің сот судьясы Жолдыбай Метаевтің қатысуымен «Қылмыстық процестегі сот ісі» пәні бойынша тәжірибелік дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабақтың басты тақырыбы «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары бойынша  өндіріс» болды. Сабақ барысында сот судьясы кәмелетке толмаған адамдарға қатысты ювеналдық сот судьяларының қызметінің ерекшеліктері, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, қылмыстық істер бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшеліктері туралы баяндады. Сабақтың соңында студенттер дәріс тақырыбына байланысты өз сұрақтарын Жолдыбай Метаевке қойды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы мен Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасы  келісілген бірлескен ғылыми  жобаны жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 19-шы сәуірінде бас ғимараттың мәжіліс-залында «Сібір халықтары мен қазақтар: тарих және қазіргі заман» атты онлайн-вебинар өткізді. Шараның модераторы т.ғ.д., профессор А.А. Айтмухамбетов болды. Кездесу барысында т.ғ.к., аға оқытушы,  С.С. Исмаилов, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Кусаинов, кафедра оқытушысы, магистр Д.С. Ергалиева баяндама оқыды. Вебинарда ХХ ғасырдың басындағы Ресей түрік халықтарында мемлекеттіктің  қалыптасу мәселесі, қазақ халқының жүздік бөліну жүйесінің пайда болуы, хақастардың этникалық құрамының  қалыптасуы, хақастар мен қазақтардың ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстары жайлы, Алаш партиясының көшбасшыларының еңбектерінде түрік идеясы туралы қызу талқыланды. Вебинарға қатысушылар бірлескен ғылыми жоба бойынша алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жөнінде келіссөз жүргізді.
2017 жылдың 20-шы сәуірінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің шетел филологиясы кафедрасында "Қазіргі заманғы лингвистика және лингводидактиканың өзекті мәселелері" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.   Конференцияда төменде көрсетілген секциялар бойынша 56 баяндама тыңдалды: 1. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайындағы лингвистиканың теориялық және қолданбалы мәселелері. Үздік баяндамалар: 1. Жадыра Ұзақбаева «Neologisms in the modern English language»; 2. Мария Ландырева «Семантика межличностных отношений в дискурсе интернет коммуникаций». 2. Мәдениеттер диалогы жағдайында тілдерді оқыту. Үздік баяндамалар: - М. Кушерова «Виртуальные экскурсии на современных уроках»; - М. Тихомолова «Чтение как метод обучения и эстетического воспитания на уроках литературы». 3. Аударматану әлеміндегі өзекті мәселелер. Үздік баяндамалар: 1. Гаухар Закариянова «Особенности перевода авторских неологизмов на примере произведений Рея Брэдбери «451 градус по Фаренгейту», «Марсианские хроники»; 2. Валерия Ким «Коммуникативный конфликт в ситуации судебных прений (на примере англоязычного судебного дискурса) и способы передачи его основных элементов на русском языке». Қатысушылар ғылыми іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.