Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Білім орталығында 2017 жылдың 8-ші қарашасында «Кейкі батыр: ерлік пен елдік тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Маңызы зор іс-шараның модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықов болды. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында Кейкі батыр ұрпағы Сейітқали Қосжанов, философия ғылымдарының кандидаты, ҚМУ-дың профессоры Қалқаман Жақып, облыстық мұрағаттың маманы Әсемгүл Кадерманова, облыс орталығы студенттері, магистранттары мен докторанттары болды. Іс-шарада 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс және Кейкі батырдың қаһармандық ерліктері, «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми ағартушылық экспедицияның атқарған жұмыстары, батыр турасындағы ел ішіндегі әңгімелер, Кейкі батыр есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында атқарылып жатқан істерді баяндау мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстел барысында «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-ағартушылық экспедициясы туралы көрсетілген фильм жиналған қауымның көңілінен шығып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Олар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.         
2017 жылдың 27-ші қазанында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  ынтымақтастығы аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің робототехника зертханасына облыс мектептерінің мұғалімдері келді. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының студенттерінің және Мехатроника магистранттарының жобалары көрсетіліп тыңдалды. Сырттан келген қонақтарға зертханадағы СББ станогының, 3Д-принтер және техникалық көру құрал-жабдықтарының жұмыстары көрсетілді. Мұғалімдер қызығушылық білдіріп бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасымен робототехника саласы бойынша одан әрі ынтымақтастық қарым-қатынасты жалғастыратындарын айтты.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне ERASMUS + бағдарламасы аясында Висмар университетінің неміс профессоры, ғылым докторы Джоахим Р. Дадуна келді. Профессор «Мобильділік және экономикалық даму; Тасымалдаудың түрлері; Мультимодальдық тасымалдау; Көлік пен логистиканы одан әрі дамыту» тақырыбында 20  академиялық сағат көлемінде  ҚМУ мен РИИ  оқытушыларына, магистранттар мен студенттерге дәріс сағаттарын өткізді.   Арнайы өткізілген курстың қатысушыларының айтуы бойынша жол, темір жол, құбыр, теңіз және әуе көлігінің мысалында логистикамен танысу пайдалы болды. Дәріс соңында профессор барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.
13 қыркүйекте Алматы қаласында облыс әкімінің демеулігімен КТК ойыны өтті. Оған оңтүстік астана оқу орындарының атынан 8 команда қатысты. Аталмыш додада А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  "Hollywood " КТК командасы да бақтарын сынап қайтты. Ұтымды ойын, әзілқойлық қабілет, жағымды атмосфера біздің жігіттердің 1 орын баспалдағынан көрінуге мүмкіндік берді. Қостанайлық команда алғаш рет Алматы облысы әкімінің кубоғына ие болды. 2 орын  "Тұран" университетінің "Fresh" КТК командасы, қола жүлдегер ҰҚК Алматы академиясының командасы. Жерлестеріміз "Журналистика" мамандығының студенттері Алмат Искаков, Данил Скиба, Дархан Коргамбеков,  «Заң» мамандығының студенті Дастан Куантаевты шын жүректен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!
13.09.2017 жылы «Криминалистика және сот сараптамасының теориялық аспектілері» пәні бойынша тәжіриблік - бағытталаған сабақ шеңберінде Заң факультетінің 4 курс студенттері Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің жедел-криминалистік бөліміне барды. Жедел-криминалистік бөлім бастығы, подполковник Урумбаев И.З. қарсы алып, бөлім ішінде экскурсия жүргізді. Шара барысында бөлім мамандары студенттерді баллистикалық, трассологиялық және тағы басқа кабинеттермен және жүргізілетін жұмыстармен, оқиға болағ жерді сомдайтын макет түріндегі бөлмемен таныстырды. Сонымен қатар, жедел-криминалистік бөлім бастығы, подполковник Урумбаев И.З. студенттерді «Полиграф», «Попилон» аппараттарымен таныстырып, криминалистік бөлімнің негізгі ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Кездесу барысында студенттер осындай тәжірибеге бағытталған сабақтардың көптеп болып тұруы жайлы өтініш білдірді. Келешекте студенттер тұрақты оқу кестесіне сәйкес тәжірибелік – бағытталған сабақ шеңберінде тәжірибеге қатысып отыратын болып келісілді.
            2017 ж. 17-18 тамызы күндері Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Қазақстанның 30 жоғары оқу орындарының байқау кеңестерінің хатшылырана семинар өткізді. Семинардың мақсаты - қатысушыларды  компания хатшысы/корпоративтік хатшы институты жұмыс жасауының халықаралық тәжрибесімен, оның негізгі талаптарымен, құқұқтары және міндеттерімен  таныстыру.   Семинар носил интерактивті сипатта өтіп, ол үшін кейстер мен ҚР жоғары білім мәселелеріне байланысты пікірталастар өткізілді.  Аталмыш семинарға біздің университеттің байқау кеңесінің хатшысы  Тастанов Мейрамбек Габдуалиұлы қатысты.