Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың акт залында наурыз айының 16 жұлдызында гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің әдістемелік-инновациялық жұмыс айлығы аясында «Психология және педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Көктем мерекесі – Наурыз» атты мюзикл өтті. Студенттер сахнада ән шырқап, би биледі. Студенттердің орындауындағы сахналық көрініс жиналған көрермендердің көңілінен шықты. Сахналық қойылым Наурыз мейрамы күні АҚШ-тан  келген қонақты қазақ отбасының қарсы алуы жөнінде болды. Басты рөлдерді гумантиралық-әлеуметтік факультетінің «Психология» мамандығының 2 курс студенттері, «Агрономия» және «Азық-түлікті өңдеу технологиясы» мамандықтарының 3 курс студенттері, сонымен қатар, инеженерлік-техникалық факультетінің студенттері сомдады. Жиналғандардың арасында арнайы қонақ болып шақырылған Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің 2 курс студенті Кайырбек Бердібек  те болды. Ол мюзиклде ағаның рөлін жоғары деңгейде ойнап шықты. Сахналық қойылым қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетілді. 
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы тұғыры биік тәуелсіз ел дамуының жолдарын нақтылап берді. Соған орай университетіміздің қабырғасында «Мәңгілік ел жастары» ұйымының ұйымдастыруымен «Жолдауға қолдау» атты жиын өтті. Жиында 2 басты мәселе қаралды. Бірі Елбасы жолдауы болса, екіншісі 2017 жылдың соңында жарық көрген Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың Жастарды дамыту орталығының басшысы  Рүстем Бейшов студенттерді жолдаудағы негізгі міндет-мақсаттармен таныстырып, шәкірттердің қойған сұрақтарына жауап берді.  Сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жайлы филисофия кафедрасының оқытушысы Руслан Жүсіп толық мәлімет берді. Студенттер «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!», - деген ұранмен кездесуді аяқтады.
ҚМУ-дың заң факультетінде «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай «Студенттік ғылымның өзекті мәселелері: тарих, құқық, аймақтану» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Н. Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеттің студенттері, сондай-ақ, дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің оқушылары, конференция жинағына 100-ден астам баяндама дайындады. Олардың ішіндегі ең үздігі 4 бөлімде: 1. «Тарих ғылымы мен аймақтық зерттеулердің өзекті мәселелері» (модератор - Ибраев Е.Е., тарих кафедрасының аға оқытушысы) 2. «Заманауи Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғырту» (Модератор - Шунаева С.М., ғылым кандидаты, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті) 3. «ҚР азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының дамуының өзекті мәселелері» (модератор -.Алдабергенова А. И., магистрi, азаматтық құқық және процестің кафедрасының аға оқытушысы). 4. «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық пен процесті дамытудың тұжырымдамалық бағыттары» (Модератор - Майсатаева М. Ш., магистрi, аға оқытушы, қылмыстық құқық және процесс бөлімі). Бөлімнің жеңімпаздары кафедрадан сыйлықтар мен кітаптар алды. Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Шалғымбекова басшылығымен «Озат» мектебінің оқушылары конференцияға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және ҚМУ тарих және құқық мамандықтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірді. Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы ISBN-мен шығарылады.        
Қарашаның отызы күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы күніне орай «Маңгілік – Ел» жастар ұйымының ұйымдастыруымен  «Ұлты ұлықтаған – ұлы тұлға» тақырыбында жиын өтті. Елбасының өмір жолы мен жолдаулары, атқарған қызметтері туралы кішігірім деректі фильм көрсетілді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, жастар өз ойларымен бөлісті. Жиынға келген қонақтар мақала бойынша өз пікірлерін білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтау сөздерін жеткізді. Сондай-ақ, қонақтар елдегі патриотизіммен алға қарай ұмтылу, еліміздің дамыған 30 елдің қатарында болу үшін жастардың аянбай білім алып, әрқашан алда болу керектігін айтып өтті.
Білім беру және кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Қылмыстық-құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы С.Аралбаев Заң факультетінің арнайы №112  дәрісханасында Қостанай қаласының №17-ші орта мектебінің 11 және 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Есірткіге қарсымыз» атты оқу сот процесін өткізді. Судьяның рөлінде аға оқытушы С. Aралбаев болса, прокурор мен адвокаттың рөлдерінде 11-ші сынып оқушылары Максим Цхай мен Владимир Бондаренко болды. Қалған оқушылар мен ата-аналар және 7 «г» сынып жетекшісі, жоғары дәрежелі мұғалім Б. Мақсұтова процеске қатысушылар ретінде сабақтың өтуін қадағалады. Процесс барысында, қылмыстық қудалау дәлелдері мен прокурордың, үш куәгердің және тәуелсіз сарапшының мәліметтері, сонымен қатар қорғаушы ретіндегі адвокаттың қорғау сөзі тыңдалды.  Сот қарауынан соң «Есірткіге жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!» деген айыптау үкімі шығарылды.      
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде және ғылыми шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстиеті тіл және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Биғайша Ахметова Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «Орыс әдебиетінің қалыптасуы» тақырыбы бойынша дәріс оқып, тәжірибе алмасты. «Студенттердің сабақтың тақырыбына деген қызығушылықтары жоғары екенін мен бірден байқадым. Олар сауатты сөйлеп, жазуды үйренгілері келеді. Мен бар тәжірибеммен бөлісуге тырыстым. Студенттерге өткізген дәріс сабақтарым ұнады. Өйткені, дәріс соңында олар қозғалған тақырып бойынша көп сұрақ қойды», - дейді профессор.