Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Отан Қорғаушылар күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аталып өтілді. Университет ректоры Х. Валиев барша жиналған  қауымды келген мерекелермен құттықтап, генерал-майор М. Дәуеновке құттықтау сөз кезегін берді.  Михаил Юсупович мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдіріп, мерекенің маңызына тоқталды. Университет басшысы әскери кафедраның үздік оқытушыларына алғыс хаттарды табыс етіп, мереке әскери кафедраның арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Әскери кафедраның студенттері гитарамен ән шырқап, би билеп, мәнерлеп өлең де оқыды. Сонымен қатар, сахналық көріністерді де көрсетті. «Біз үшін бұл мереке ерекше. Әскери кафедраның студенттері осы күнді асыға күтіп, концерттік нөмірлерді дайындады. Біздің тілегіміз бір. Елімізде бейбітшілік болсын», - деді әскери кафедраның басшысы. Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар естелікке фотосуретке түсті.  
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасы аясында тарихи әдістемелік мәселелерді зерттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел философия кафедрасының мүшелерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  философтары мен тарихшылары, Челябі мемлекеттік университетінің қоғамтанушылары, ҚР ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері және студенттер қатысты. Жиын барысында тарихи танымдағы тарих әдістемесінің рөлімен түсініктемесі, тарихи шындықты зерттеудегі К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасының орны жайлы өте қызықты ой-пікірлер айтылып, көптеген сұрақтар талқыланды. Іс-шараның модераторы, профессор С.А. Қолдыбаевтың айтуы бойынша, осындай кездесулер қазіргі қоғам үшін өте пайдалы.  Студенттердің кездесу барысында көтерілген сұрақтарға деген қызығушылығы ерекше болды. Дөңгелек үстел материалдары бойынша электрондық жинағының басылымы жоспарлануда. Электрондық жинаққа материалдар мамырдың 1-не дейін қабылданатынын ескертеміз. 
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Шетел филология кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» атты фотоколлаж сайысын өткізді. Кафедраның барлық студенттері шығармашылық белсенділік танытып, туған жердің әсемділігі мен ерекшелігін көрсетуге тырысты. Әділ қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаздарға мадақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарды табыс етті. Сайыс жұмыстарын ҚМУ-дың (бас ғимарат) бірінші қабатында көруге болады (110 дәрісхана).
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің апталық жұмыстары аясында «Тіл және әдебиет теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет саңлақтары» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа Қостанай қаласының №9, 10, 20, 115 және С.Мәуленов атындағы гимназия мектептерінің  10-11 сынып оқушылары қатысты.  Сайыс барысында қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, қазақ тілі мен әдебиет бойынша сұрақтар қамтылды. Сайыс үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – «Бәйге». Ол кезеңде әр топқа 15 сұрақ қойылды. Екінші кезең – «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде әр топ ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп отырды. Үшінші кезең – «Көркем әдебиет әлемінде». Үшінші кезең бойынша әр топқа екі көркем шығармадан үзінді оқылып, олар шығарманың авторы мен атауын анықтап берді. Сайыс соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді.   
2018 жылдың 26 наурызында агрономия кафедрасының апталығы шеңберінде «Ауыл шарушалығында IT технологияларын пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ауылшаруашылық бағытындағы цифровизацияны қолданудың ағымдағы мәселелерін талқылау. Дөңгелек үстел жұмысына жетекші ұйымдардың жұмыс берушілері қатысты: Т.К. Бисимбаев – «Қостанай облысының ауылшаруашылық әкімшілігі» ММ бастығының орынбасары, Н.А. Кикебаев – Қостанай АШҒЗИ ЖШС бас директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының  докторы, А.С. Удовицкий – Қостанай АШҒЗИ картоп өсіру зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Казиев – «Карантинді зертхана» ММ бастығы.   Жұмыс барысында дөңгелек үстел қонактары мен қатысушылар Қостанай облысының аумағындағы ауылшаруашылық технологиялардың даму перспективаларымен танысты. Біздің түлектерге бұл кездесу конструктивті және пайдалы болды. Болашақ агроном мамандары шақырылған жұмыс берушілерді қызыға тыңдап, ауылшаруашылығындағы ақпараттық технологияларды еңгізу төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.  
Наурыз мейрамы – Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тойланатын көктемнің жаңару мерекесі. Қазақ халқы үшін бұл мереке қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.ҚМУ-дың Экономикалық факультеті де Наурыз мерекесін қуана-қуана қарсы алды. Факультетте Наурыз мейрамын тойлау үлкен қуаныш-шаттықпен өтті.Осы күні факультеттің кафедраларына келушілер ұлттық дастарханның тағамдарынан дәм татуға, қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлерін көруге, домбыраның күмбірлеген дауысымен тамсануға, қазақ халқының қонақжайлылығын сезіну мүмкіндігіне ие болды. Студенттер келген қонақтарға мейрамның басты дәстүрлі тағамы Наурыз көжені ұсынды.