Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың №2 ғимаратында экономикалық факультеттің 1 курс студенттерін бейімдеу бойынша «Біз – экономикалық факультеттің студенттеріміз!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара квест түрінде ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау машықтарын және тапқырлықтарын көрсете алды. Ойынға экономикалық факультеттің барлық мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған топтар қатысты. Квест өз мәресіне жеткен соң арнайы концерт көрсетіліп, жеңіске жеткен «220» атты топ және үздік ойыншылар атанған: Ернар Қабыкенов, Асылжан Ерниязов және Дарья Богородская марапатталды. Қалған қатысушылар да мадақтама дипломдармен қатар, тәтті сыйлықтарға ие болды.  
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қоршаған ортаны қорғау және сынапты қалдықтарды қауіпсіз пайдалану бойынша өткен Жастар акциясына қатысты. Іс шараны аграрлық – биологиялық факультетінің «Экология кафедрасы», «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы», «Almighty Ecology»  қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізілді. Іс-шара жүргізушісі сынаптың адам ағзасына және қоршаған ортаға келтіретін зардаптары туралы ақпарат берді. Студенттерге сынап туралы сұрақтар қойылды. Дұрыс жауаптар сыйлықтармен бағаланды. Кездесу барысында студенттер билеп, ән салып, саханада күлкілі пародия үлгілерін ортаға салды. ҚМУ студенттеріне арнап, қаланың үздік КВН топтары өнерлерін көрсетті.  
Мұрағат - бұл түрлі адамдардың тарихы, тағдырлардың тоғысуы. 17-ші қыркүйек күні Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатына журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының бірінші курс студенттері барды. Болашақ маман иелеріне Қостанай облысында сонау Николаев кезінен қазіргі күнге дейінгі өмір сүрген адамдар туралы жинақталған мәліметтер, құжаттар көрсетілді. Мұрағаттың құрылымы мен қызметі туралы мұрағатшы Татьяна Омарова толық ақпарат берді. «Қостанайда мұрағатттар Майлин және Тәуелсіздік көшелерінде екі жерде орналасқан. Өкінішке орай, бұл мұрағатта өткеннің құжаттары көп сақталмаған, соңғы жылдардың ғана мәліметтері жинақталуда. Сондықтан өткен жылдардың басылым беттерін Л.М.Толстой атындағы облыстық орталық кітапханада танысуға болады», - деді Татьяна Омарова. Мұрағаттың кіреберісінде студенттер «Архивист - звучит гордо!» тақырыбында фото деректі көрмемен танысты. Бұл көрме осы жылдың жоспарланған іс-шараларының бірі. 4 маусым күні «Мұрағат түні» тақырыбында республика бойынша алғашқы шара өтті. Ал қыркүйек айының соңында мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері Ахмет Байтұрсыновқа арналған Достық үйінде өтетін мерекелік кешке қатысып, мұрағаттың ардагерлерін шақырып, дастархан жаяды.  Бірінші курс студенттеріне экскурсия өте пайдалы болды. Олар мұрағаттың ақпарат көзі екендігін түсінді. Болашақта олардың да мақалалары мұрағаттар қорынан табылады деген сенімдеміз.   
Қазақ елінің тарихында ешкіммен салыстыруға келмейтін ұлы адам – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 145 жыл толып отыр. Халқының азаттығын, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі жөнінде жан аямаған Ахмет Байтұрсынұлын студенттер қалай таниды? Осы мақсатта 5 қыркүйек күні тәрбие жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен А. Байтұрсынов атындағы қара шаңырақтың ұлағатты ұстаздары бірінші  және екінші курс студенттерімен «Зерде және Зейін» атты дөңгелек үстел өткізді. Басты тақырып А.Байтұрсынұлының өмір жолына шолу жасап, ұлы тұлғаның туған күнімен тұспа-тұс келіп отырған тілдер күні болды. Спикерлер филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықов, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Серікжан Исмаилов және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі Гүлжанат Жүрсиналина. Серікжан Исмайлов «А.Байтұрсынұлы және алаштың азаттық идеясы» атты тақырыпта сөз қозғады. Алаш ардагері жайында бұрын естімеген мәліметтер алған студенттер, латын әліпбиі жайында да мағлұматқа ие болды. Бұл жайында Алмасбек Әбсадықов өз ойын білдірген болатын: «Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Ендеше, латын әліпбиіне көшу мемлекеттік мәселе. Бұның барлығы сіз бен біздің арамызда қозғалуы керек». «Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Сондықтан, «Біз латынға көшпейміз, ораламыз» - деді Гүлжанат Жүрсіналина өз сөзінде. Сондай-ақ, бұл бастама қыркүйек айының 3-5 аралығында барлық факультет студенттерімен сабақ барысында өткізілді. Айтылған барлық мәлімет болашақ мамандардың бойына патриоттық сезімді ұялатып, мәңгілік ел болудың мағынасын ұғындырғандай. Бұл да рухани жаңғырудың бір белгісі.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті профессорлық-оқытушылық құрамының төмендегі орындарына конкурс жариялайды:   1. Кафедра меңгерушілері – 11: агрономия -1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 мемлекет және құқық теориясы – 1 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 қылмыстық құқық және  іс жүргізу – 1 Қазақстан тарихы – 1 психология және педагогика – 1 шетел тілдері – 1 экономика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 информатика – 1   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары орнынан кейнгі) білім, ғылыми дәреже, және педагогикалық қызметте немесе жетекші қызметінде кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі.             2. Кафедра профессорлары – 16: агрономия -1 ветеринарлық медицина – 3 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 Қазақстан тарихы – 2 шетел филологиясы – 1 психология және педагогика – 2 практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 1 экономика – 1 бухгалтерлік есеп және и аудит – 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 электрлік энергетика және физика – 1               Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.   3. Кафедра доценттері - 25: агрономия – 5 биология және химия – 2 өндіру мен стандарттау технологиясы – 2 мемлекет және құқық теориясы – 1 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 Қазақстан тарихы - 2 тіл және әдебиет теориясы – 1 психология және педагогика – 3 практикалық лингвистика – 1 экономика – 1 қаржы және банк ісі – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 машина құрылысы – 3 электрлік энергетика және физика – 2   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жөғары орнынан кейнгі)  білім, ғылыми дәреже,  ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде  5 жыл жұмыс өтілі.   4. Кафедра аға оқытушылары - 44: агрономия – 2 экология – 1 биология және химия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 3 (ғылым кандидаты, мемлекеттік тілді меңгерген) ветеринарлық медицина – 3 ветеринарлық санитария – 1 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 4 азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 (1-ғылыми дәрежесі бар, және мемлекеттік тіл меңгерген, 1- мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгерген) қылмыстық құқық және іс жүргізу – 2 Қазақстан тарихы – 1 философия – 3 шетел филологиясы – 1 психология және педагогика – 1 мемлекеттік тілін меңгерген практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 2 экономика – 1 қаржы және банк ісі – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина, трактор және автокөліктер – 2 машина құрылысы – 6 электрлік энергетика және физика – 1 дене және спорт дайындығы - 2   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жөғары орнынан кейнгі) білім; ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде - 3 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде оқытушы қызметінде  -  кем дегенде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі, және/немесе ғылыми дәреже.   5. Кафедра оқытушылары – 33: агрономии – 1 экология – 1 биология және химия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 (6М072800 – Өңдеуші өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша техника и технология магистрі) ветеринарлық медицина – 3 азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 қылмыстық құқық және іс жүргізу – 1 шетел филологиясы – 4   шетел тілдері – 1 практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 2 экономика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 математика – 2 информатика – 5 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 машина құрылысы – 2 электрлік энергетика және физика – 1 дене және спорт дайындығы - 1   Біліктілік талаптары: 3 жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен жоғары  білім және/немесе магистрдің академиялық дәрежесі.   Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар университет ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:       1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;       2) өмірбаян;       3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелерін;       4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;       5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);       6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);       7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;       8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);       9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;       10) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.       Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.   Конкурс жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық орналастыру Ережелеріне сәйкес өткізіледі. Конкурсқа қажетті құжаттар аталған хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімі. Анықтама телефоны: 8-7142-51-11-65.
3 мамыр күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу залында Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында ҚМУ студенттері ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Соғыс ардагерлері сол бір сұрапыл жылдарын, әскери міндеттерін өтеу кезінде сарбаздардың  бастарынан өткерген қиындықтарын, оған қоса жалпы әскери қызмет жөнінде жастарға баяндап берді. Отанға деген махаббат және патриоттық сезім тақырыбында мағыналы, әрі мәнді сөздер айтылды. Мереке құрметіне факультет студенттері кішігірім концерт ұйымдастырды. Онда «Братские могилы», «Служба»  өлеңдері оқылып, «Идет солдат по городу» және «Сарбаздар әні» сынды әуендер шырқалды. Қонақтардың айтуынша студенттерді аға ұрпақтың жауынгерлік қасиеттеріне сай тәрбиелеу, ерлік жəне батырлық жайлы өлең оқу жастардың Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Соғыс майталмандары болашақ Отан қорғаушыларға батыл, ержүрек, тапқыр жəне ең бастысы Отанға адал болуларын тіледі. Кездесуді ұйымдастырушылар осындай тағылымы мол кездесулердің дәстүрлі түрде өтетіндігін айтты.