Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

23 қазанда А.Байтұрсынов атындағы  ҚМУ бас ғимаратының мәжіліс-залында докторанттар мен оқытушылардың қатысуымен «Elsevier» ДБ  қолдану тақырыбында семинар өтті. ELSEVIER - ғылыми, техникалық және медициналық әдебиеттің әлемдегі жетекші басылымы. Қазақстан Республикасындағы «Elsevier» компаниясының өкілі Дина Шайхислам  Scopus, Science Direct ДБ қол жеткізу, ғылыми жұмыстың сапасын арттыру, Elsevier ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері, Scopus ДБ индекстелген журналдардың критерийлері мен іріктеу тәртібі туралы айтып берді. Семинар қатысушылары сұрақтар қойып, белсенді түрде оларды талқылады. Семинар жұмысы өте қызықты және жемісті болды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
2018 жылдың 19 қазан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың мәжіліс залында Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, тәрбие жұмысы бөлімнің және жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен «Рухани келісім – бейбітшілікке және гүлденуге апаратын жол» атты кездесу өтті. Бұл іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялылар, дәстүрлі дін, этномәдени бірлестіктер өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы, БАҚ, университеттің1 және 2 курс студенттері шақырылды. Кездесудің модераторы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.А. Шаукенов болды. Кездесудің спикерлері «Эребуни» армян қауымның төрағасының орынбасарыС.В Григорян, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Н.Әбішев, қалалық мешіттің наиб-имамы, дінтанушы Д. Дайыр, Қостанай және Рудный епархиясының діни қызметкері протоиерей В.П. Клеба сөз сөйледі. «Журналистика» мамандығының 1 курс студенті ГүлденЖүзенова «18 қазан – Рухани келісім күні» тақырыбына баяндама оқыса, «Психология» мамандығының 1 курс студенті Гүльдана Ержанова «Бірлік мекені» атты өлеңді айтты. Кездесуге қатысушылар халықаралық қауымдастықта біздің елімізде тұратын және біртұтас замануи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған біздің саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отырғандығын атап өтті.   2018 жылдың 19 қазан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың мәжіліс залында Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, тәрбие жұмысы бөлімнің және жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен «Рухани келісім – бейбітшілікке және гүлденуге апаратын жол» атты кездесу өтті. Бұл іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялылар, дәстүрлі дін, этномәдени бірлестіктер өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы, БАҚ, университеттің1 және 2 курс студенттері шақырылды. Кездесудің модераторы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.А. Шаукенов болды. Кездесудің спикерлері «Эребуни» армян қауымның төрағасының орынбасарыС.В Григорян, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Н.Әбішев, қалалық мешіттің наиб-имамы, дінтанушы Д. Дайыр, Қостанай және Рудный епархиясының діни қызметкері протоиерей В.П. Клеба сөз сөйледі. «Журналистика» мамандығының 1 курс студенті ГүлденЖүзенова «18 қазан – Рухани келісім күні» тақырыбына баяндама оқыса, «Психология» мамандығының 1 курс студенті Гүльдана Ержанова «Бірлік мекені» атты өлеңді айтты. Кездесуге қатысушылар халықаралық қауымдастықта біздің елімізде тұратын және біртұтас замануи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған біздің
Журналистика мамандығының студенттері қаламыздағы облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханамен танысып, ұсынатын қызметтерін біліп келді.   Кітапхана ұжымы бірнеше бөлімдермен толықтырылған. Оның ішінде Америка құрама штаттарының елшіліктерімен бірге жасалған халықаралық қатынастар бөлімі, қалпына келтірілген және ең қызықты әрі рухани бай кітаптар қорынан жинақталған мұражай, тарихи-өлкетану бөлімінде Қостанай облысының өңірлік басылымдары мен тарихи тұлғалар жайлы ақпараттар алды. Өнер және шығармашылыққа арналған бөлімде студенттер Дина Нүрпейісова апамыздың күйін тыңдап, түрлі көрмелердің куәсі болды. Оқу бөлімінде өздеріне қажетті баспасөз бен кітап авторлары жөнінде мағлұмат алып, газет-журналдар ескі нөмірлерінің электронды нұсқаларымен жұмыс жасап көрді. Әр студент кітапханада жұмыс жасауға арналған құжаттарын алып, ай сайын өтетін педагог-волонтерлардың өткізетін тілдер курсына жазылды. Осылайша бұл экскурсия білім алушылар үшін пайдалы болды.
11 қазан күні "Экономика" кафедрасында «Жаңғырту 3.0: сананы модернизациялау» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім беру» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған Марк П. Тейлор, Н. Грегори Манкуин авторлардың «Экономикс, 4 - басылым» атты жаңа оқулықтың тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер экономика кафедрасының доценті С. Турежанов инженерлік-техникалық факультетінің II курсынің «5В060400 - Физика» және «5В071300 - Көлік, коліктік техника мен технологиялыр» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде оқытылатын топтарда ашық практикалық сабағында өткізілді. Тұсаукесерге экономика және инженерлік техникалық факультеттерінің оқытушылары, инженерлік техникалық    факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Тұсаукесер барысында кіріспе сөзінде доцент С. Турежанов қазіргі заманғы экономикалық білім берудің маңыздылығын айта кетіп, оқулықтың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкестігін растады. Таныстыру шараға қатысушылардың пікірі бойынша оқулық инженерлік мамандарды даярлаудағы экономикалық білімін ұлғайтуға керекті үлесін қосады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  «Сұңқар» спорт кешенінде студенттер мен оқытушылар арасында ВжМШТ факультетінің Декан кубогына шағын футболдан чемпионат өтті. Спорттық жарысқа 1 және 4 курс студенттерінен құралған 5 команда қатысты. Және профессорлық-оқытушылық құрамнан құралған бір команда қатысты. Нәтижесінде ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды 4-ші курс студенттері (Тоха Д., Баймендиев А., Жалымбеков С., Зейлбек Ш., Мырза А., Төлеген Т., Кушанбай Т.), екінші орынды 4-ші курс студенттері (Умирзаков Б., Аппазов Б., Жумабаев Д., Чахалов М., Алкау А., Каратаев Р.), үшінші орынды 3-ші курс студенттері (Мукаш Е., Әкімгерей Ф., Амантай Н., Қанжігіт Т., Бектан Д., Бауыржан А., Дағыстан Ж.) алды. Үздік шабуылшы - М. Чахалов,  «Үздік қорғаушы» - А. Баймендиев, «Үздік қақпашы» - А. Мырза атанды. Жарсты ұйымдастырушылар ойынның жоғары деңгейде өтуіне себепші болған барлық қатысушыларға алғысын білдіруде.
2018 жылдың 4 қазанында ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Қазақстандағы тілдер күні» атты байқау түріндегі іс-шара өтті. Іс-шараға «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының 1 курс студенттері, сонымен қатар «Аймақтану» мамандығының 2 курс көптілді топтарының студенттері қатысты. Студенттер топтарға бөлініп, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, әндер және идиомалар туралы білімдерімен бір-бірімен бәсекелесті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде жарыс бойынша  қорытындысы шығарылып, студенттер сертификаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.