Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Жылда дəстүр бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында  қорытынды жиын өткізілді. Әдеттегідей келе жатқан жылды қарсы алмас бұрын, студенттердің өткен жылда оқуда жеткен жетістіктері мен толағай табыстары айтылды. Атап өтер жайт, биыл да журналистика мамандығы білім деңгейі бойынша үздіктердің қатарында. Республикамыздың солтүстік аумағындағы жоғары оқу орындардың ішінде дәрежелі 3 орынға ие болды. Жиын басында сөз алған кафедра меңгерушісі Алматай Мергенбаевна оқытушылар мен студенттерді осынау жетістіктерімен құттықтап, үздіктерге мақтау қағаздары мен ата-аналарының атына жазылған алғыс хаттарды табыстады. Естеріңізге сала кетейік, жақында кафедра оқытушылары Амангелді Шурентаев пен Гүлнұр Кəкімбектің ұйымдастыруымен алғаш рет университетте “Көкірек көзбен көргендерім” тақырыбында фото байқау өткізілген болатын. Байқау қатысушыларының фотосуреттері үстіміздегі жылдың 19 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында төрт номинация бойынша қабылданды.  Қаламыздың белді фотожурналистерінен құралған қазылар алқасының шешімі бойынша суреттері ерекше деп танылып, бас жүлдені ақпараттық-технологиялар факультетінің 4 курс студенті Ермек Смагулов иеленді. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша бұл байқау алдағы уақытта да жалғасатын болады.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің АБФ студенттері жаңа жыл қарсаңында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясын өткізді. Студенттер «Дельфин» сәбилер үйіне барып, балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап өз қолдарымен әр балаға сыйлықтар табыстады. Іс-шараның  басты мақсаты студенттер бойында мейірімділікті қалыптастыру, қамқорлыққа бағыттау және  қайырымды болуға тәрбиелеу. Қойылған мақсат орындалды. Студенттер балалармен ойын ойнап, шыршаны безендірді. Бұл кездесу студенттердің де, сәбилердің де жүректерінде біраз уақыт сақталатын болады.
Тәуелсізідік күніне орай ҚМУ-дың гуманитарлық әлеуметтік факультетінің оқу залында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан алаш зиялыларының қызметімен таныстыру. Негізгі қарастырылған мәселелер: мелекеттілік туралы Алаш идеясы, Алаш және рухани жаңғыру идеясы. Маңызы зор іс-шараны тарбие, әлеуметтік және шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор Н.Б. Мамиев бастады. Дөңгелек үстел барысында филология ғылымдарының кандидаты Н.О. Мұқатов, филология ғылымдарының докторы А.А. Абсадықов, тарих ғылымдарның кандидаты С.С. Исмаилов өз ойларымен бөлісті.   Студенттердің кездесу барысында көтерілген сұрақтарға деген қызығушылығы ерекше болды.
2018 жылдың 22 қарашасында Аграрлық-биологиялық факультетінде Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры, Экологиялық инженерия зертханасының меңгерушісі В.А. Коробовтың қатысуымен "Экономиканың жахандануы және климаттың өзгеруі жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдегі ауылшаруашылығы өндірісінің экологиялық мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - ауылшаруашылығы өндірісінің өзекті мәселелерін талқылау, ауылшаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар үшін цифрландыруды пайдалану. Дөңгелек үстел жұмысына "Қостанай облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы"ММ басшысының орынбасары – Т.К. Бисимбаев, "АкБидай Агро" ЖШС директорының кеңесшісі – Д.Т. Сейтказинов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.С. Удовицкий, Қостанай АШҒЗИ картоп селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Казиев - "Карантиндік зертхана" ММ директоры, Аграрлық-биологиялық факультетінің оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында жетекші ұйымдардың жұмыс берушілері, қонақтар мен қатысушылар Қостанай облысы аумағында ауыл шаруашылығында ақпараттық технологияларды дамыту перспективаларымен танысты.        
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Алмасбек Әбсадық және философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Жақып Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсына» қатысып, «Кейкі батыр: ерлік пен елдік өнегесі'' атты тақырыптағы ғылыми жобасымен байқаудың дипломанты атанды. Жоба «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» деп аталған ғылыми экспедиция материалдары бойынша ұсынылған еді. Байқаудың нәтижесі бойынша ғылыми жобаларды баспа бетінен жариялау  жұмыстары қолға алынады.
2018 жылдың 27-ші қазанында Назарбаев Университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттері негізінде Қазақстандық студенттердің қатысуымен ACM ICPC командалық бағдарламалау чемпионатының 1/4 финалы өтті.  Барлығы 130-ға жуық еліміздің аудандарынан келген ЖОО командалары қатысты. Командаларға 5 сағатқа 11 тапсырма берілді. Тапсырмаларды тексеру «субъективті фактордың» қол сұғуынан тәуелсіз тесттік жүйесі арқылы жүргізілді. А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің намысын  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері Разаман Кұлмахан, Ярослав Манаков, Тасболат Тулегенов және топтың жетекшісі - С.Г. Ғалиханов қорғады. Студенттердің командалық әлемдік бағдарламалау бойынша ACM ICPC чемпионаты әлемдегі барлық университеттердің студенттері үшін аса маңызды халықаралық сайыс болып табылады. Мұндай сайыстар басқа оқу орындарындағы студенттермен қарым-қатынас орнатып, алгоритмдік есептер шығару, бағдарламалау, командада жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетуге және дамытуға мүмкіншілік береді.