Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

4 наурыз күні сағат 14:00-де ҚМУ лингвистикалық зертханасында француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары үшін «Француз тілін оқытудағы заманауи үрдістер» тақырыбында семинар өткізілді. Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Тричик М.В. сыныпта MOOC (Massive open online courses) арқылы оқыту және оны пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Аға оқытушы Медетова Э.Б. шетел тілдерін оқытудағы релаксация және шоғырлану әдістерін қолданудың шетелдік тәжірибесі туралы әңгімеледі. Француз мәдени орталығының үйлестірушісі Жамбуршинова Г.К. франкофондық көктемнің бағдарламасын ұсынды, мұғалімдер Франкофония апталығы үшін бірлескен іс-шараларды жоспарлады.   ҚМПУ, ЧелМУ, ҚӘТУ, политехникалық колледж, гимназия мектептерінің француз тілінің оқытушылары қатысты.https://vk.com/fleakostanayсілтемесі арқылы семинардың барлық материалдарымен танысуға болады. Семинардың модераторлары: Медетова Э.Б., Тричик М.В.
2-інші наурызда Шетел филологиясында бірінші рет Қостанай қаласындағы 10-11 сынып оқышыларына арнап ағылшын тілінен олимпиада өткізді. Байқауға қаланың түрлі мектептерімен Затобольск кентінен 50-ден астам оқушылар қатысты.   Олимпиада екі кезеңнен тұрды және Қазақстанның жастар жылына арналды. Бірінші кезеңде тыңдау дағдылары тексеріліп (студенттер әртүрлі қиындықтардағы аудио фрагменттерді тыңдап, тапсырмалар орындады) және ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасы сыналды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік деген студенттер таңдалынып, келесі шығарма жазу кезеңіне өтті. ХХІ ғасырдың жастары өткен ғасырдың жастарынан қалай ерекшеленетіндігі туралы тақырып оқушылардың эсселерінен көрініс тапты. Барлық оқушылар шығармашылық көзқарас танытып, мәселені сыни тұрғыдан шеше білді, салыстырды және қорытындылады. Эсселер шығармашылық өзіндік ерекшелігімен және идеялардың қайталанбастығымен ерекшеленді. Үзіліс кезінде ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы оқушылармен көңілді ойын өткізді. Ойында белсенділік көрсеткен оқушылар тәтті сыйлықтар алды. Сондай-ақ, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Жабаева С.С. оқушыларға - кафедра, оқушытушылар және оқу барсындағы студенттердің мүмкіндіктері туралы мағлұмат берді. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ лингвистикалық зертханасының меңгерушісі Әбдібекова А.А. зертхана және зертхана жұмысының бағыттарын түсіндірді.   Қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысы бойынша оныншы сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздарды анықтады. Олар:   1 орын - Алиша Харитоненко (Назарбаев Зияткерлік мектебі) 2 орын - Алдабергенова Зияда (С.Мәуленов атындағы гимназия) 3 орын - Бойко София (№ 22 мектеп)   Барлық жеңімпаздар сертификаттармен , жүлделермен марапатталды.   15 наурызда 11 сынып оқушыларына арналған үшінші ауызша кезең өтеді. Он бірінші сынып оқушылары «Шетел филологиясы» немесе «Аударма ісі» мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының грантына бақтарын сынайды.
18 ақпаннан 1 наурыз аралығында Қазақстандағы Жастар жылы аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің шетел филологиясы кафедрасы көп тілді топтар арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізді. Байқауға «Электроэнергетика», «Физика», «Көлік», «Экология», «Құқықтану», «Тарих», «Аймақтану» және «ЕТБҚЕ» мамандықтары бойынша 100-ден астам 1 және 2 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: іріктеу кезеңі (лексикалық және грамматикалық тест); тыңдау және сөйлеу. 1 наурызда өткен екінші турға 25 студент өтті.     Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - Бакунов Леонид (Электроэнергетика, 1 курс) 2 орын - Намазов Тамерлан (Аймақтану, 2 курс), Усембаев Бектемир (ЕТБҚЕ, 2 курс) 3 орын - Кушкумбаев Орал (ЕТБҚЕ, 1 курс), Қаражанов Исламидин (ЕТБҚЕ, 1 курс) Жеңімпаздарға мақтау қағаздар мен сыйлықтар табыс етілді. Қатысушыларды құттықтаймыз және оларға ағылшын тілін меңгеруде табыс тілейміз!
2019 жылдың 27 ақпанында шетел филологиясы кафедрасы және лингвистикалық ғылыми және білім беру зертханасы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің тілдік емес мамандықтардың оқытушылары арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізді. Жарысқа 11 адам қатысты. Қатысушыларға ағылшын тілінде оқу, тыңдау және сөйлеу тапсырмалары ұсынылды. Жарысқа 11 адам қатысты. Қатысушыларға ағылшын тілінде оқу, тыңдау және сөйлеу тапсырмалары ұсынылды. Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - Мартынюк Юрий Петрович, ИТФ Электроэнергетика және физика кафедрасының аға оқытушысы 2 орын - Черняк Евгений Валерьевич, АТФ бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы 3 орын - Сулейменова Айнур Эдрисовна, ГӘФ журналистика және коммуникациялық менеджменті кафедрасының оқытушысы,   Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Ағылшын тілін үйренуде сәттілік тілейміз
2019 жылғы 28 ақпанда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Университетінің Заң факультетінің 2 курс студенттері аға оқытушы М. Ж. Байтасованың басшылығымен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Ашық есік күніне қатысты. Студенттер алдында Департамент басшысының орынбасары Асхат Батыржанұлы Искиндиров  сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен оның құқықтық сипаттамасы және де сыбайлас жемқорлық көріністері үшін заңды жауапкершілік туралы айтып өтті.  Сондай-ақ, ол ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты  алдын - алуға бағытталған шараларды әзірлеу мен  бақылау ерекшеліктерін түсіндірді. Және де арнайы мониторинг тобының жетекшісі Утебаева Динара Қайырбекқызы да сөз қозғады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Шериева Мөлдір Талғатқызы  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сипатындағы кешенді шараларды, сондай-ақ мемлекеттік органдарда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарын алдын алу, оның көріністерін азайту және жою бойынша жүйелі шараларды атап өтті.    
  Арақарағай орман шаруашылығы базасында 12-ақпан күні биология және химия кафедрасының оқытушылары мен студенттері, кәсіпорын қызметкерлері және Краснокордон орманшылық мектебінің белсенділері арасында көшпелі дөңгелек стол өткізілді.   Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстандағы жастар саясаты мен жыл бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңінде биология бакалаврларын жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу жолдары». Жоспарланған бағдарламаға сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді: Арақарағай орман шаруашылығының кәсіпорындарына, қарағай бүрлерін қайта өңдеу, құрғату, тұқым сақтау цехына, орман-өрт станциясына экскурсия жасау; Краснодар орманшылық мектебінің белсенділері мен орманшылық қызметкерлері арасында дөңгелек стол өткізу; А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттерінің тұсаукесері, орманшылық мектебінің тұсаукесері және оқушыларға кәсіби бағыт беру жұмыстары. ҚМУ-нің студенттерінің «Биология», «Орман дозоры» және Краснокордон орманшылық мектебінің «Бүркіт» командалары арасында Брэйнг-ринг.   Диалогта «жоғары оқу орыны жүйесіндегі өндірісте» ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен перспективалары туралы пікір алмасты, облыс кәсіпорын базасында биология мамандығы студенттерін дуальды оқытуды, Қостанай облысы орман саласындағы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес биология бакалаврларын кәсіби даярлауды жетілдірудің жалғыз тактикасы мен стратегиясын әзірлеу жөнінде айтылды. Университет тұсаукесері барысында, соңғы жылдары Қазақстан жастар саясатына үлкен қөңіл бөлуде, ол биылғы жылдың жастар жылы деп аталуы, мақсат жастарды қолдауға бағытталған бір қатар іс-шараларды жүзеге асыру деп, атап өтті. Бұл мемлекет басшысы тарапынан нақты тапсырмалар: талап етілген мамандарды дайындау бойынша бағдарлама әзірлеу, еріктілер мен студенттерге стипендияны арттыру бойынша тапсырма, жастар стартап жобаларын қолдау, қорын құру, жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруды ұлғайту және басқалар. Біздің студентерміз кейбір бағыттың іске асырылуын осы жылы сезінді: барлық бакалавриат бірінші курс студенттері грантпен білім алады, «Биология» және «Химия» мамандығы бойынша магистратурада гранттың үлкен саны бойынша студенттер мен магистранттардың стипендиясы артты. Екінші жағынан қоғам жастарға жоғары талап қояды. Сондықтан жастарды мамандық бойынша жұмысқа орналастыру өте маңызды мәселе. Бұл туралы орынбасары Жиляев Андрей Леонидович өз сөзінде: жақсы маман үшін өз ісіне деген сүйіспеншілік және ауылда жұмыс істеуге деген құлшыныс болу керек деді. Егер студенттер арасында осындай адам болса, онда орманшаруашылық басшылары оларды жұмысқа орналастыру жағын қарастырады. ҚМУ-нің «Биология», «Орман дозоры» және Краснокордон орманшылық мектебінің «Бүркіт» командалары брэйнг-рингтен көптеген эмоциялар тудырды. «Біз – ҚМУ-нің студенттеріміз! Біздің ұран «Орманды қорғау!» - деп өздерін таныстырды «Биология» мамандығының студенттері. «Егер орманды сақтамасаң, өмір онымен бірге жоғалады!» деп ұрандады орманшылық мектебінің «Бүркіт» командасы. Сайыс барысында студенттер мен оқушылар орман зиянкестері және ағаш тұқымдастары туралы білімдерімен жарысты. Қорытынды сайыста «Орманға кіруге арналған барнер», абай болыңыз: «Орманды өлтірсең – ауаны сатып аласың!» деп қорытындылады. Студентерді әртүрлі сүрақтар қобалжытты: «Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуының қазіргі кезеңдерінде сіздің кәсіпорынныңыздың алдында қандай міндеттер тұр?», «Сіздің кәсіпорын қызметкерлерінде қандай жаңа құзіреттіліктер сұранысқа ие?», «Біздің студенттермен қандай бірлескен жоба жасағыңыз келеді?» т.б. Орман шаруашылығы қызметкерлері тарапынан Арақарағай орман шаруашылығында экологиялық туризм аймағын құру бойынша бизнес жобаны әзірлеу туралы қызықты ұсыныс болды. Өз кезегінде студенттер отырғызылатын материалды жабу үшін өңделген қарағай бүршігін мульчаға қайта өңдеуді ұсынды. Барлық студенттер ауыл тұрғындарының Отансүйгіштігін, олардың кіші отанына, мектепке, орманға деген махаббатын атап өтті. Кішкентай, бірақ өте таза жайлы, өз ісінің кәсіби мамандары мен мейірбан жандар тұратын–заманауи Арақарағай ауылы осындай. Мұндай орманшаруашылығына біздің студенттер өз еркімен жұмысқа барары сөзсіз. Тұтастай алғанда, барлық қатысушылар дөңгелек столда белсенділік пен қызығушылық танытып, жоғары оқу орындарының өндіріс жүйесінде өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық дамыды.   Биология және химия кафедрасының аға оқытушысы Брагинец Л.А.