Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

28.03 -30.03 аралығында ERASMUS бағдарламасы аясында «Өмір бойы білім алу және білім экономикасы үшін ақпараттық сауаттылықты дамыту» жобасы бойынша еуропалық әріптестер Қостанай мемлекеттік университетіне іс-сапармен келді. Ева Рейд пен Божена Хорватова – Константин Философ (Словакия) университетінің оқытушылары. Іс-сапардың мақсаты - жобаның аралық мониторингін жүргізу, атап айтқанда, «Ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу» және «Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін» пилоттық білім беру модульдерінің мониторингі. 28 наурызда Шетел филологиясы кафедрасының бастамасымен Ева Рейд кафедра оқытушыларына арналған «Writing English Language Textbooks» тақырыбына семинар өткізді. Семинар интерактивті форматта өтті. Талқылау кезінде әріптестер Словакиядағы ағылшын тіліндегі оқулықтармен жұмыс істеу әдістемесінің ерекшеліктері туралы пікір алмасты және сұрақтар қойды. Кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспарланды.   
  2019 жылдың 28 наурызында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Журналистика» мамандығын оқытуды жетілдіру мәселесі талқыланды. Кездесуге өңірлік БАҚ өкілдерінің басшылары мен университет ректоры, факультет деканы және кафедра оқытушылары, студенттер қатысты.     Университет ректоры, профессор  Алма  Іргебайқызы қазіргі ақпараттық заманда сапалы журналист маман дайындау өте өзекті мәселе екенін айтып кетті.  Сонымен қатар, университет басшысы өзінің алғы сөзінде ЖОО-ның академиялық еркіндігі жайлы және жаңа жағдайдағы журналистік білім берудің ерекшеліктеріне тоқталды.     Өңірлік БАҚ басшылары және баспасөз қызметкерлері 2018 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы  жүргізген «Журналистика» мамандығының білім беру бағдарламасының республикалық рейтингімен танысты.     Әрі қарай «Журналистика» мамандығының білім беру бағдарламасының дамуы жайлы пікірталас өрбіді.  Медиабизнес саласының және еңбек нарығының ерекшеліктері ескеріле отырып, мамандықтың оқу бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері мен оқытушылар білім алушылардың кәсіптік өндірістік тәжірибесі жайлы да бірнеше мәселелерді көтерді.     Жұмыс берушілер өз тараптарынан студенттердің білімін тәжірибелік тұрғыдан жетілдіре түсетін бірнеше ұсыныстар ұыснды. Кафедра тарапынан жоғарыда айтылған ұсыныстар мамандықтың және пәндердің жаңа оқу-әдістемелік кешендерін дайындау барысында ескерілетін болады.        Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы. .    
27
мар 
2019
«Дарабоз-2019»   2019 жылдың 20-наурызында Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінде жастар жылы аясында және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Дарабоз-2019» интелектуалдық сайысы өтті. Бұл сайыста жауынгерлермен бірге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің журналистика мамандығының студенттерінен құрылған «ЖасStar» және «Болашақ» топтары өзара бақ сынасты. Айтулы шарада алдымен қатысушылардың жылдамдығы сыналды. Одан кейін әр топтың жастар жылына байланысты түсірілген бейнероликтері көрермен назарына ұсынылды. Бірлік пен ынтымаққа негізделген додада қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. «Болашақ» тобы гитарамен әсем ән шырқаса, «ЖасStar» тобының өнері әсерлі диалогпен басталып, кейін ән-бимен жалғасты.   6697 аскери бөлім командирінің орынбасары майор Бауыржан Шораев пен университетіміздің аға оқытушысы Амангелді Шурентаев таласты тартыстың әр сәтін қалт жібермей, әділ бағаларын берді. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша «ЖасStar» тобы озып шығып, жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.  
17 наурыз күні Ирландияда және барлық әлемде Қасиетті Патрик Күні аталып өтіледі. Бұл Ирландияның жебеушісі Қасиетті Патриктің қайтыс болған күнінде жыл сайын аталып өтілетін, діни және мәдени мейрам болып саналады. Әдетте осы күні Ирландиямен байланыстыратын, жасыл немес замартас түстес киім кию қалыптасқан. Негізі жасыл түс – осы мейрамның негізгі атрибуты болып табылады. Бұл түс барлық жерде, соның ішінде тамақта да қолданылады. Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері бұл күнді ерекше атап өтеді. Осы жылы 19 наурызда, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас корпусының 108-аудиториясында, сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін жайлы Ирландияның ерекше атмосферасы орын алды. «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» студенттері, кураторларыСамамбет М.Қ және Шандецкая Ю.Н. бастамасымен бірге жиналып, өздерін нағыз ирландықтар ретінде сезініп көрді. Ирландияның туымен түстес (жасыл, ақ, сарғылт) безендірілген аудиторияда, ирландялық әуендер қойылып, студенттер мейрамға, Ирландияға және Қасиетті Патрикке қатысты деректерді естеріне түсірді. Студенттер осы мерекенің басты жүргізушілері болды, өз топтарын таныстырып, жарыстар ұйымдастырып, өздері дайындаған тамақтарын таныстырды. Мерекелік көңіл-күйді қалыптастыруда, барлық студенттер қатысқан «Ирландиялық би» флэшмобы ерекше орын алды
Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту мақсатында 18.03.19 куратор Мукашева Г.К Заң факультетінің 5В030100 – құқықтану мамандығының 17-400-12 тобының 2 курс студенттерімен Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына экскурсияға қатысты. Экскурсия сот қызметкерлерімен студенттерге сот ғимаратында ұйымдастырылды. Экскурсия шеңберінде Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Дудин И. И. студенттермен әңгіме жүргізді, онда студенттерді әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнімен, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі баптарымен таныстырды және бүгінгі күндегі әкімшілік істерді қараудың барысындағы жаңалықтармен бөлісті.
14 наурыз күні журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Нағашыбай Мұқатовтың 70 жас мерейтойына арналған «Шаттықтың шаңырағын тік көтерген» атты іс-шара өтті. Құт пен береке, кешірім мен амандықтың нышаны саналған Көрісу күнімен тұспа-тұс келген мерейтойға жиналған барша қонақтарды мерекемен құттықтап, жыр мен тәттіден шашу шашты.      Аталған шара бұрынғылардан өзгерек өтті. Себебі ақынның өзі де Қазақстан радиосы және теледидар саласында, Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциясында 40 жылға жуық журналистік қызмет атқарған. Сондықтан кеш әдеттегідей концерт түрінде емес «Дара жол» бағдарламасы форматында өтті. Шараға шығармашылық және ұстаздық жолындағы әріптестері, туған-туыстары, достары мен шәкірттері қатысты.   Университет ұжымы Нағашыбай Оразбайұлын мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейді.