Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «2019 жылғы Президенттік сайлау: рөлі мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы жылдың наурызында Н.Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттілігін тоқтатқанын бәріміз білеміз. Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес қалған мерзімде оның өкілеті парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті. Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде мәлімдеме жасап, 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Президенттік сайлау туралы жариялады. «Бұл кезектен тыс сайлау Қазақстан халқы мен әлемдік қауымдастық алдында қазіргі мемлекет басшысының заңдылығына қатысты белгісіздікке жол бермеу үшін қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу – демократия қағидаттарына толық сәйкес келетін және елдің мүдделеріне жауап беретін маңызды, қажетті, дұрыс және уақтылы шешім». Бұл – дөңгелек үстелге қатысушылардың ойы. Олардың арасында Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.Іс-шараны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Алма Досжанова ашты: «Ел Президентінің сайлауы саяси бағыттың үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Егемендіктің жылдары біздің дамуымыздың қазақстандық моделі оның тиімділігін дәлелдеді және бүкіл әлемде экономикалық өсу құндылықтарының, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі ретінде танылды». «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы Ринат Бектемиров, «Азаматтық Альянс» ҚҚ төрайымы Динара Өтебаева, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, Қостанай облысындағы «Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев сияқты Қостанай облысының белсенді тұлғалары азаматтық жауапкершілік туралы айтты. Сондай-ақ олар Президенттік сайлаудың қажеттілігі мен уақытылы өткізілуі туралы ойларын жеткізді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері атынан сөз сөйлеген заң факультетінің 3 курс студенті, Қостанай қаласының жастар мәслихатының депутаты Арман Бисембаев жастарды сайлауға баруға, еліміздің болашағы үшін игі қадам жасауға шақырды.    
Павлодар қаласында 14 сәуірде Естай атындағы Мәдениет үйінде халықаралық КТК одағының «Ертіс» КТК ресми аймақтық лигасының екінші ширек финалы өтті. Осы ойынға еліміздің түрлі қалаларынан 8 команда қатысты. Ойын 4 кезеңде өтті: визитка, разминка, биатлон, музыкалық үй тапсырмасы. Ойынның соңында «Денди» КТК командасы 10,97 ұпаймен екінші орынды иеленді. Жігіттер керемет ойын көрсетті және біздің университетіміздің беделін лайықты қорғады. «Денди» КТК командасын  құттықтаймыз, «Ертіс» өңірлік лигасының маусымында да жақсы ойын көрсетеді деген ойдамыз!   
ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік инновациялар айы шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы «What? Where? When?» жыл сайынғы зияткерлік ойынын өткізді. 2012 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына көп тілді білім беру жүйесін енгізгеннен кейін, осы ойынды өткізу идеясы ұсынылды. Ойын барысында топтар таңдалған сұрақтарға жауап берді, жиналған ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталды. Оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Ең үздік ойыншы» атағы Исламидин Каражановқа берілді. Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Ольга Салыкова, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының доценті Ирина Иванова, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Махамбетова ойынның сарапшылары болды. Шараның қонағы – Сәуле Айткужинова. Қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізген байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша XI Республикалық пән олимпиадасы өтті. Екі күндік шеберлік сайысында журналист мамандарын дайындайтын 17 жоғары оқу орындарынан 51 студент тіркеліп, бақтарын сынады.   Алғашқы күні «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында журналистік қырларын танытатын команданың бейнеролик ретіндегі таныстырылымы көрерменге жол тартса, екінші кезеңінде тарихи тұлғалар мен ұлы даланың шежіресі, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен жастар жылындағы өзгерістер жайлы ойтолғау жазылды. Осылайша қатысушылардың жұмысын Павлодар өлкесінің білікті журналистерінен құралған топ қазылық жасап, бағалады.        Екінші күні теориялық білімдерін тексеру мақсатында екі сағаттық тестілеу жүргізілді. Қонақжай Павлодарлықтар алғашқы күннен-ақ келген қонақтарға арнап экскурсия жүргізді. Қатысушылар қала тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Осылайша сайыскерлер Бұхар жырау мен Әлкей Марғұлан сынды қазақтың мақтаныштары туған өлке Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбетіне деген таңданысын бейнесюжет арқылы жеткізеді. Дәстүрлі шараға айналған пән олимпиадасы еліміздің түкпір-түркірінен жиналған жастардың достық мекеніне айналды.   Сайыстың қорытындысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Ахмет ұрпақтары" командасы жүлделі ІІІ орын алды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!   
«Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының 3 курс студенттері Маргарита Зайцева, Балжан Асанова, Ксения Задорожная және Диана Мусина әлемдегі әйгілі DAAD ұйымының (Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі http://www.daad.kz/ru/) жыл сайынғы байқауына қатысып, Германияда тілдік тағылымдамадан өту гранттарын жеңіп алды.  Студенттер үш апта бойы Германиядағы ең көне университеттерінің бірі Фридрих Шиллер Университетінің жазғы тілдер курстарында оқып, тіл иелерімен және басқа елдердің студенттерімен қарым-қатынаста өз білімдерін толықтырып және тексеріп, неміс мәдениеті мен дәстүрлерін жақсырақ біліп, ұлы Гётенің туған жерін өз көздерімен көре алады. Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Зәуре Алпыспаеваға студенттерді халықаралық бағдарламаға дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз! 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Кенжеғали Сағадиев іссапармен Қостанай мемлекеттік университетінде болды. Атап айтқанда, ол «Парасат» цифрлық орталығының жұмысымен танысты. Орталықта жастар бастамалары мен ғылыми иядеяларын дамыту орталығы - Co-working, IT-skills (робототехника, 3D модельдеу), Cyber-club және Agro-skills кеңселері орналасқан. Бұл кеңселер ауылшаруашылығы саласындағы технологиялар мен оны трансферттеу, ІТ технологияда кәсіптік дағдыларды жетілдіру үшін құрылған.