Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

27
мая 
2019
13 мамырдан елімізде «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Акция шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясы атынан үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілдері арқылы ел тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерін жинайды. 2019 жылдың 24 мамырында сайлау науқаны аясында «TeamQazaqstan» Қостанай облыстық қоғамдық штабының жастар қанаты «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаты Қ.К. Тоқаевты қолдап акция өткізді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері де аталмыш акцияға атсалысты. Олар қаланың орталық алаңына шығып, еліміздегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған жергілікті халықтың ұсыныстарын жинауға көмектесті. Бұл акция барлық қазақстандықтарға, оның ішінде студенттерге алаңдаушылық тудыратын проблемаларды айтуға мүмкіндік берді, сондай-ақ өмір сапасын жақсарту бойынша нақты іс-қимылдарды ұсынуға жағдай туды.   
25 мамыр күні мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Бұл күн мектеп түлектері мен олардың ата-аналары, ұстаздары үшін айтулы мереке, сонымен қатар үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған 11 сынып оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осындай мүмкіндіктің жемісін Қостанай қаласының №10 және Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектептерінің биылғы жылғы түлектері Жасұлан Нүсіпқан мен Аружан Сарсенбаева.көретін болады. Олар оқу ордамыз өткізген «Мен ің таңдауым – ҚМУ» видео-роликтер байқауында жеңімпаз атанып, ректордың оқу грантына ие болды. Салтанатты жиында түлектерге білім грантын беру туралы куәліктер табыс етілді. Алайда Аружан мен Жасұлан Ұлттық біріңғай тестілеуде қажетті бал жинауы керек. Айта кетейік, №10 орта мектептегі конкурс жеңімпазына сертификатты ҚМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы, осы мектептің бұрынғы түлегі, сонымен қатар біздің университеттің түлегі, «Ахмет ұрпактары» пікірталас клубының экс-президенті, сол жылдардағы Жоғары студенттік кеңесінің мүшесі Әнуар Бұқабаев табыстады. Бұл шешім кездейсоқ емес – жақсы үлгі. Байқау жеңімпаздары, біздің болашақ студенттер, университет активінің ең белсенді және танымал көшбасшылары болады деп үміттенеміз!   Аружан мен Жасұланның  видеосын мына ссылка бойынша қарауларыңызға болады:  https://www.youtube.com/channel/UCTgzgeoQsmqhs30htE5sWUg
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ибраев Ерден Ерназарұлы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Оңтүстік Азия тарихы кафедрасында ғылыми және оқу тағылымдамасынан өтті. Тағылымдама аталмыш кафедра меңгерушісі  Александра Сафронованың шақыртуының негізінде жүзеге асты.     Ерден Ибраев Мәскеуде Азия және Африка елдерінің жаңа тарихына байланысты пәндер бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысты,  ММУ-гі оқытудың жаңа түрлерімен және инновациялық технологиялармен  танысты. Сонымен қатар, «Ломоносов оқулары - 2019» халықаралық ғылыми конференциясына атсалысты.   Тағылымдаманың соңында Е. Ибраев Азия және Африка елдері институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы И.Абылгазиевпен М.В. Ломоносов атындағы ММУ және А.Байтұрсынов атындағы  ҚМУ арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шартқа қол қойды.   Сондай-ақ, Мәскеу мемлекеттік университетінің Оңтүстік-Азия тарихы кафедрасымен ынтымақтастық туралы келісім-шартты жүзеге асыру жоспары жасалды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті профессорлық-оқытушылық құрамының төмендегі орындарына конкурс жариялайды:   1. Кафедра меңгерушілері – 10: агрономия -1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 мемлекет және құқық теориясы – 1 қылмыстық құқық және  іс жүргізу – 1 психология және педагогика – 1 шетел тілдері – 1 экономика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 информатика – 1 ақпараттық жүйелер – 1               Біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарында ғылыми-педагогикалық өтілі кем дегенде 3 жыл немесе мамандық бойынша  кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.             2. Кафедра профессорлары – 28: агрономия - 4 ветеринарлық медицина – 2 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 қылмыстық құқық және іс жүргізу – 4 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 мемлекет және құқық теориясы - 1 психология және педагогика – 3 практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 3 экономика – 1 бухгалтерлік есеп және аудит – 1 математика - 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина құрылысы - 1 электрлік энергетика және физика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 2               Біліктілік талаптары: PhD докторы ғылыми дәрежесі, профиль бойынша PhD докторы дәрежесі, ғылыми кандидаты, ғылыми докторы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі немесғ мамандық бойынша  еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл болуы тиіс.   3. Кафедра доценттері - 45: агрономия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 2 экология – 2 ветеринарлық санитария - 2 мемлекет және құқық теориясы – 4 азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 (соның ішінде 1- мемлекеттік тілін меңгерген) Қазақстан тарихы – 1 шетел филологиясы - 5 психология және педагогика – 1 практикалық лингвистика – 4 журналистика және коммуникациялық менеджменті - 2 экономика – 2 қаржы және банк ісі – 2 бухгалтерлік есеп және  аудит – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 2 математика - 2 ақпараттық жүйелер – 2 машина, трактор және автокөліктер – 2 машина құрылысы – 5 электрлік энергетика және физика – 1               Біліктілік талаптары: PhD докторы ғылыми дәрежесі, профиль бойынша  PhD докторы дәрежесі, ғылыми кандидаты, ғылыми докторы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі немесғ мамандық бойынша  еңбек өтілі кем дегенде 3 жыл болуы тиіс.   4. Кафедра аға оқытушылары - 40: агрономия – 1 биология және химия – 2 өндіру мен стандарттау технологиясы – 2 (мемлекеттік тілді меңгерген) экология – 2 (мемлекеттік және ағылшын тілдерді меңгерген) ветеринарлық медицина – 4 ветеринарлық санитария – 1 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 2 мемлекет және құқық теориясы - 2 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 (Г.А. Макубаеваның уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына, мемлекеттік тілді меңгерген) қылмыстық құқық және іс жүргізу – 2 философия – 3 психология және педагогика – 2 мемлекеттік тілін меңгерген тіл және әдебиет теориясы – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 2 экономика – 1 қаржы және банк ісі – 1 бухгалтерлік есеп және аудит - 1 математика – 1 информатика - 1 бағдарламалық қамтамасыз ету – 2 ақпараттық жүйелер – 1 машина құрылысы – 4 электрлік энергетика және физика – 1   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жөғары орнынан кейнгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе мамандығы бойынша кем дегенде - 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.   5. Кафедра оқытушылары – 17: биология және химия – 1 ветеринарлық медицина – 1 ветеринарлық санитария – 2 шетел тілдері – 3 (соның ішінде 1 - М.А. Сонның уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) психология және педагогика  - 2 мемлекеттік тілін меңгерген практикалық лингвистика – 1 қаржы және банк ісі – 1 бухгалтерлік есеп және аудит  - 1 (Д.Ж. Алимованың уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) информатика – 2 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 электрлік энергетика және физика – 1   Біліктілік талаптары: жөғары орнынан кейнгі білім немесе мамандығы бойынша кем дегенде - 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар университет ректорының атына (еркін түрде) өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1)   кадр есебі бойынша жеке іс парағы; 2)   өмірбаян; 3)   жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары, немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер 4)   түйіндеме (көлемі Times New Roman шрифтімен 12 немесе 14 шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы еркін нысанда) 5)   ПОҚ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысушының соңғы үш жылдағы негізгі көрсеткіштер бойынша жұмыс нәтижелері (Б қосымшасы) 6)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086у нысанындағы медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген 7)   Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама ПОҚ лауазымына орналасу конкурсына қатысушы тұлғалар қосымша тілдерді білгенін растайтын құжаттарды (сертификаттар, дипломдар, т.б. - бар болса) ұсына алады, сондай-ақ оның біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, алдыңғы жұмыс орнынан және т. б. басшылықтың ұсынымдарын, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.   Конкурс Е. 070 – 2018 Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  профессор-оқытушылар құрамын конкурстық орналастыру Ережесіне сәйкес өткізіледі. (http://ksu.edu.kz/portal/zakony_pravila_polozheniya_instrukcii/priem_na_rabotu_konkursnoe_zamewenie_pps_attestaciya/.) Конкурсқа қажетті құжаттар аталған хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, каб. 328 қызметкерлермен жұмыс жасау басқармасы. Анықтама телефоны: 8-7142-51-11-65.  
23
мая 
2019
18 мамырда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстан – зайырлы мемлекет» атты «Ұрпақтар үні» қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Озат IT мектебі, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясы және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нен 24 спикер қатысты. Пікірталас барысында сайыскерлер еліміздің ішкі және сыртқы саясатына, дін мәселесіне байланысты  ой қозғады. Турнирдің бас төрешісі – «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубының 11-ші экс президенті, оқу ордамыздың жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы – Әнуар Бұқабаев. Турнир нәтижесі төмендегідей: 1 орын – Азамат Камза және Нұрислам Жұмакенов. 2 орын – Малика Манарбекова және Әділхан Нұркеев. 3 орын – Нұрымжан Қайырғали және Расул Абильмажинов. «Үздік спикер» – Манарбекова Малика. «Үздік төреші» – Нургалиев Диас.    
Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Парасат» цифрлық орталығында. Мәскеу, Челябинск, Қорған және облыс орталығының журналистерінің қатысуымен медиа-форум өтті. «Ресей-Қазақстан шекарасы - бұқаралық ақпарат құралдарының ынтымақтастығы аймағы» - бұл экономика, саясат, мәдениет және спорт туралы БАҚ-тарды талқылауға арналған дөңгелек үстелдің тақырыбы. Сондай-ақ, екі елдің БАҚ-тарының бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруы барысындағы әрекеттері туралы әңгіме өрбіді. Форумда алғы сөз университет ректоры Алма Досжановаға берілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары - «Орал-Евразия» (Екатеринбург) сараптау клубы және «Еуразия әлемі» қоғамдық қоры (Алматы), серіктестері - «Қостанай-Медиа» медиа-холдингі және ҚМУ. Журналистерге арналған дөңгелек үстелден кейін медиа трендтер мен біздің заманымыздың жаңашылдықтары туралы тренинг өткізілді. Тренингтің спикері - Мәскеуден келген ерекше қонақ, bQ тобының digital агенттігінің тең құрылтайшысы және коммерциялық директоры Дмитрий Бескромный.