Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

1 маусым балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйел-дер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады. Қостанай мемлекеттік университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларына арналған мереке өткізеді. Биыл да 13 жасқа дейінгі 150-ден астам бала мерекені спорттық жарыстармен, түрлі ойындармен атап өту үшін университет спортзалына жиналды. Спорт жарыстарынан кейін балаларға дәмді түскі ас берілді. Университеттің кәсіподақ комитеті – іс-шараның демеушісі.
Қазакстан Республикасының Жоғарғы оқу орындары арасында өткен X жазғы Универсиадада А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрамасы жазғы Президенттік көпсайыс чемпионы атанды, жаттықтырушы – Юлия Зеленская. Командалық жарыстың нәтижесі бойынша екі алтын, жеке жарыстарда бір алтын және екі күміс алды:  Раиса Тевс, ГӘФ-нің 3 курс студенті – 1 орын Данияр Муканов, ЗФ-нің 1 курс студенті – 2 орын Антон Бутенко, ИТФ-нің 4 курс студенті – 2 орын   Ерлер құрамасының тізімі: Аслан Арнольд – ЗФ-нің 3 курс студенті Алмат Ибраев – ЭФ-нің 1 курс студенті Данияр Муканов – ЗФ-нің 1 курс студенті Антон Бутенко – ИТФ-нің 4 курс студенті   Қыздар құрамасының тізімі: Лаура Каратаева –ЭФ-нің 1 курс студенті Морозова Агата – ЗФ 1 курс студенті Тевс Раиса – ГӘФ 3 курс студенті Сейткалиева Алина –  АБФ 4 курс студенті   Жарыс 2019 жылдың 27-31 мамыр аралығында Өскемен қаласында өтті. Жалпы универсиадаға 60 жоғарға оқу орынынан 2 мың студент қатысты.      
Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде «Жасыл алма» ХVI -шы халықаралық жастар маркетингі фестивалі өтті.Фестивальға 12 елдің өкілдері қатысты. Олардың арасында біздің университеттің экономика факультетінің 3 курс студенті Айнұр Ысмағұлова болды. Ғылыми жетекшісі – қаржы және банк ісі кафедрасының доценті Гүлнар Майкопова. Бұл додада Айнұр 1-орынға ие болды және 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал жетекшісі Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің алғыс хатын иеленді. Экономика мамандығының студенті Анастасия Смаковая мен ғылыми жетекшісі, экономика кафедрасының аға оқытушысы Вера Шмидт «KuAnJan» агенттігінің мысалына сай мерекені ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында «MARKETING EDGES CONTEST» оқыту курсына қатысып «Time Pad» дипломымен марапатталды
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының байқауы
Бүгін«Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары» факультетінде «Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының жақсылары» атты жұмыс берушілердің қатысуымен үшінші курс студенттері арасында олимпиада өтті. Үш команда қатысты. Олар: «Келешек технологиялары», «Ғажайып», «Дарын» командалары. Студенттердің білімін әділ төрешілер бағалады: Анара Исмаилова – А.Байтұрсынова атындағы ҚМУ-нің мансап және жұмысқа орналастыру орталығының меңгерушісі; Мадина Хасанова – Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары; Жадыра Байділдина Жадыра – «Агрогенетикс» ЖШС-нің директорының орынбасары. Олимпиаданы өткізудің мақсаты – болашақ мамандарды дайындаудағы білім сапасын анықтау, студенттердің кәсіптік шеберлігін ары қарай жетілдіру, теориялық және тәжірибелік оқыту үрдісінен алынған білімдері мен біліктіліктерін тереңдету, бекіту, сонымен қатар университет түлектері мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Олимпиада қортындысы бойынша «Келешек технологиялары» командасы жеңіске жетті. «Ғажайып» және «Дарын» командалары 2-ші және 3-ші орындарындарды өзара бөлісті. Іс-шараның модераторлары – Ирина Брель-Киселева, Ләззат Селеуова.
ҚИНЭУ-де «Агробизнесті дамыту аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Оған Қостанай облысының ЖОО студенттері, Ресейдің көршілес Қорған, Екатеринбург қалаларының оқу орындары студенттері қатысты. Экономика мамандығының 3 курс студенті Алмас Тауасаров мен ғылыми жетекшісі, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Вера Шмидт конференцияға қатысып, пленарлық отырыста "Қазақстандағы органикалық өнім өндірісінің орны мен рөлі" тақырыбында баяндама оқыды. ҚМУ-нің студентінің баяндамасы үздіктер қатарынан табылып, 1 орынға ие болды.