Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Назерке Дүкенбай, "Журналистика" мамандығы бойынша ғылыми-зерттеулер жұмыстарының республикалық сайысына қатыса отырып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің қолы қойылған, 2 деңгейлі дипломды жеңіп алды. Оның ғылыми жұмысының тақырыбы нақты әрі түсінікті. "Қазақстандық БАҚ жастар мәселелері". Бұл зерттеуді ол өзінің ғылыми жетекшісі, жас оқытушы, ғалым, әлеуметтік ғылымдар магистрі Гүлнұр Кәкімбекпен бірге дайындады. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы өзінің студенті мен жас оқытушысының жетістігін мақтан тұтады.
2019 жылдың 14 қыркүйегінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедра базасында Қостанай қаласының оқу орындарының әскери-патриоттық клубтарының слеті өтті. «Жастар жылы» аясында, әскери-патриоттық тәрбие мақсатында слет қатысушыларымен сабақтар өткізілді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін көрсету өткізілді. Әскери кафедра студенттерімен қарумен саптағы әдістер, қаруларды бөлшектеу және жинау көрсетілді. Слетті өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Слет аяқталған соң салтанатты жағдайда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының меңгерушісі. полковник Олег Оборин қатысушыларға сертификаттар табыс етті.  
2019 жылдың 5 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынов мұражайында Қазақстан тарихы және философия кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған, қоғам қайраткері, көрнекті түркітанушы, ХХ ғасырдың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған «А. Байтұрсынов – ұлттың рухани көсемі" атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде А. Байтұрсыновтың ұрпағы Ибраһим Ағытайұлы, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Ералина, мұражай меңгерушісі Гүлмира Саметова сөз сөйледі. Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы, қазақ тілінің реформаторы, ақын, публицист, қоғам және саяси қайраткері. Ол  – "Қазақ" газетінің негізін қалаушы. А. Байтұрсыновтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі бүгінде жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Бұл бүгінгі іс-шараға қатысушылардың ортақ пікірі. Іс-шара соңында пікір алмасып, дөңгелек үстел қорытындысы шығарылды.
Бүгін А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген бағыттарын қарастыру мақсатымен пікір-алмасу алаңы өткізілді. Отырысты аша отырып, Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табұлдинов Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысы белгілеген негізгі 5 бағытты атап өтті. Нақты пікір алмасуды ұйымдастыру мақсатымен Қ.Тоқаевтың бөлек тапсырмаларының маңыздылығы мен мазмұнын ашқан спикерлер мен сарапшылар шақырылды.  Олар Қостанай облысында қандай жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы да тоқталып кетті. Осылайша, облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Бибігүл Аққожина мәдениеттің дамуы мен халықтың әлеуметтік қамтылуына тоқталса, ІІМ Академиясының психологиялық дайындық орталығының жетекшісі Мырзабек Тойғанов құқық қорғау жүйесінің реформалары және сыбайлас жемқорлық сұрақтарының алдын алуына зер салды.  Азаматтық қоғамның дамуы мен пікір-алмасуы туралы облыстық жобалық кеңсенің басшысы Нұрбек Әбдібеков айтып кетті.  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылым бойынша проректоры Әлімжан Бекмағамбетов  жоғары білім беру жүйесінің сапасына ерекше көңіл бөлді.
04
сен 
2019
3 қыркүйек күні №2 студенттер үйіне Лисаковск қаласының бас имамы келді. Имам студенттерді оқу жылының басталуымен және жастар жылымен құттықтады. Арнайы қонақ бөлмесіне 50 шақты студенттерді жинап, оларға діни уағыздар айтты. Жиынға қатысқан жастардың отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет, түрлі діни ағымдар және олардың қазіргі міндеттері туралы сөз қозғалды. Студенттерге діни тәрбие бере отырып , адамгершілікке,имандылыққа,рухани тазалық сақтауға үйретті. Бұл іс шара өз дініне деген сүйіспеншілігін,құрметін, сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мешітке келуші жастардың діни білімі мен ислами көркем мінездерін қалыптастыру, сондай-ақ олардың жан-жақты дамып, қоғамдық істерге өз үлестерін қосуға шақырды . Кездесу соңында студенттер имамға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып,қанағаттанарлық жауап алды.  
Қазақстандағы Франция елшілігінің ынтымақтастық және мәдениет бөлімі Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің француз тілі оқытушыларына 2019 жылдың 8-20 шілде аралығында Франкофонияда (Ницца) оқудан өтуге тамаша мүмкіндік берді. Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, уәждемелік хат жазу қажет болды. Франкофонияда тілдік дайындық үшін 16 іріктелген үміткерлердің арасында – шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Эльвира Медетова және Маргарита Тричик бар. Іріктеу шарттары мен жеңімпаздар тізімін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: https://www.culturefrance.kz/Les-resultats-Selection-d-admission-pour-la-Formation-linguistique-a?lang=fr Франкофония - бұл Ницца қаласындағы оқу орталығы. Бұл орталықтың мақсаты – француз тілін дамыту, француз тілін шет тілі ретінде оқытуда инновациялық жобаларды жасау үшін бүкіл әлемнің француз тілі оқытушыларын біріктіру болып табылады. Курстар 12-20 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі және тегін цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 2018 жылы 73-тен астам ұлт өкілдері Ниццада болды. Биылғы жылы Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен қазақстандық оқытушылар өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және шет елдік әріптестермен мәдени байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік алды. Франкофония қызметімен толығырақ мына сайтта танысуға болады https://www.universitesdefrancophonia.com/qui-sommes-nous.html  
9 10 11 12 13