Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Халықаралық сарапшы, "No-till on the Plains" (АҚШ) қауымдастығының директоры Рик Бибер ҚМУ ғалымдарымен ынтымақтас жұмыс жасайды. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Smart Центр» негізінде «Өнімділік және бүркеме дақылдар: бейімделу және Солтүстік Қазақстанда қолдану» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Рик Бибер университет ғалымдарымен бірлесіп ынтымақтастық мәселелерін талқылады, Ward Laboratory топырақ құрамын зерттеу зертханасын ашу мүмкіндігін қарастырды. Университет ғалымдары осы жобаның жүзеге асыруылумен үлкен үміт күтеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 25 қыркүйекте «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше орын алатыны белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуында да БАҚ рөлінің айрықша екендігі анық. Мақсаты – республикалық БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылу мәселелерін талқылау.   Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай (Нұр-Сұлтан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев (Нұр-Сұлтан), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек (Алматы), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмагүл Әділова (Қарағанды), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Балкенже Қарағұлова (Ақтөбе), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев (Қостанай) баяндама жасап, БАҚ терминдерінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітеді. Онлайн-семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.
20
сен 
2019
2019 жылы 19 қыркүйекте Американдық бұрыш А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Көптілді білім беру орталығымен бірлесе отырып "Spelling Bee" байқауын өткізді. Байқауға "Құқықтану", "Агрономия", "Журналистика", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Экология" және "Қаржы" мамандықтары бойынша көптілді топтар студенттері қатысты. Іс-шараны АҚШ-тан келген Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты, шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Керим Гейлз жүргізді. Бұл байқау ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айтуға бағытталған. Spelling bee бірнеше кезеңде өтті. Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын – Маликов Марат, "Экология" мамандығы; 2 орын – Юсубеков Азамат, "Қаржы" мамандығы; 3 орын – Амантаев Темирлан, "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы. Бірінші орын алған қатысушы байқаудың қалалық кезеңіне университеттің атынан қатысады.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде кітаптармен алмасуға арналған bookcrossing ашылды. Әлеуметтік жобаның авторлары – «Social Development Center» қоғамдық қоры. Ұйымдастарушылардың пікірінше, кітап оқуға қызығушылықты баулу жастардың мәдени-білім көкжиегін кеңейтіп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. Бүгінде кітап сөрелерінде өз оқырмандарын әлемдік әдебиеттің үздік туындылары күтуде. Кітапқұмар студенттер ұнаған әдебиетін тегін таңдап, өзі оқыған кітаппен алмастыра алады. Алмастыратын кітап болмаса, кейін бұл туындыны басқа оқырман оқи алады. Ұйымдастырушылар кітап алмасумен шектеле қоймады. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – “буккроссерлер” деп атайды
Қостанай облысы әкімінің премиясы мен мадақтама қағаздарына түрлі қызмет саласының 20 өкілі ие болды. Олардың арасында оқытушылар, журналистер және танымал қоғам қайраткерлері бар. Төрт номинацияның бірі – «Тіл – алтын қазына». Бұл көп жылдық еңбегін қоғамның мойындауы мен патриотизм сезімінің жоғары болуын білдіреді. Лауреат дипломы мен 1 миллион теңгелік сертификатты өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқамын Жақыпқа табыстады. Қаражаттың бір бөлігін ол Меңдіқара мектебіне беруді ұйғарды. Ол сонымен қатар облыстық ономастикалық комиссия және латын қаріпіне көшубойынша ақпараттық топтың мүшесі болып табылады. Қалқаман Хасенұлы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттердің Жаһандық саммиттің аясында QS Worldwide-2019 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтуде. Биылғы тақырып:"Әлемдік көшбасшылық жолында: адами мұра мен озық технологиялардың үйлесімі". Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаев ашты. Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаев қатысушыларға қошемет көрсетіп, ағылшын тілінде сөз сөйледі. Іс-шарада ерекше атмосфера орнады: бүкіл ғылыми әлем Қазақстанға келгендей болды. Сонымен қатар 50-ден астам елдің университеттерінің ректорлары, ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен бірнеше ірі халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтардың интеграциясы адами капиталды қалыптастырудағы университеттердің рөлін арттыруда синергетикалық әсер береді, еліміздің жоғары қарқынмен дамуына ықпал етеді.
8 9 10 11 12