13.09.2017 жылы «Криминалистика және сот сараптамасының теориялық аспектілері» пәні бойынша тәжіриблік - бағытталаған сабақ шеңберінде Заң факультетінің 4 курс студенттері Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің жедел-криминалистік бөліміне барды.
Жедел-криминалистік бөлім бастығы, подполковник Урумбаев И.З. қарсы алып, бөлім ішінде экскурсия жүргізді. Шара барысында бөлім мамандары студенттерді баллистикалық, трассологиялық және тағы басқа кабинеттермен және жүргізілетін жұмыстармен, оқиға болағ жерді сомдайтын макет түріндегі бөлмемен таныстырды.
Сонымен қатар, жедел-криминалистік бөлім бастығы, подполковник Урумбаев И.З. студенттерді «Полиграф», «Попилон» аппараттарымен таныстырып, криминалистік бөлімнің негізгі ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында студенттер осындай тәжірибеге бағытталған сабақтардың көптеп болып тұруы жайлы өтініш білдірді.
Келешекте студенттер тұрақты оқу кестесіне сәйкес тәжірибелік – бағытталған сабақ шеңберінде тәжірибеге қатысып отыратын болып келісілді.