Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Орынбордағы ғылыми экспедиция

2019 жылдың 7 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары Орынбор қаласынан «А.Байтұрсынов ізімен: Орынбор кезеңі» ғылыми экспедициясынан оралды. Ғылыми экспедиция құрамында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Алмас Әбсадықов, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Серікжан Исмаилов, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шөрентаев, «Филология» мамандығының магистранты Нұрсұлтан Қасым, ҚМУ-нің баспасөз қызметінің маманы Қуаныш Жангужин бар. Бүгін олар өңірлік коммуникация орталығында тілшілерге жүрген-көргендерін айтып берді. Орынбор сапары жайында қысқа фильм көрсетілді.

брифинг 2

Ғылыми экспедицияның негізгі мақсаты – А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына байланысты тарихи орындарды аралап, материалдар жинастыру, мұрағатта жұмыс жасау, деректі фильм түсіру.

Ғылыми экспедиция Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына байланысты тың деректер жинаумен айналысқан. Ұлы ағартушының Орынбор қаласында тұрған үйі мен жұмыс істеген «Қазақ» газетінің редакция ғимаратына барып, арнайы түсірілім жұмыстары жасалған. Мұрағаттағы жұмыстардың арқасында Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы жайлы тағы да деректер табылды.

Экспедиция мүшелерінің сөзінше, алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың туған жері Ақкөл ауылына барып, арнайы ғылыми жинақ шығару, деректі фильм түсіру жоспарланған.


PDF