Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері «Қазақстан – Қостанай» телеарнасының директоры Әлібек Татановпен кездесті.
Ол кездесу барысында телевидение саласындағы оң өзгерістер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, телевидение саласына келген журналистерге қандай талап қойылатынына да тоқталды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. «Білікті маманның жүріп өткен жолын білу – жас маманды шыңдай түспек. Болашақта мұндай іс-шаралар жиі өткізілсе , нұр үстіне нұр болар еді»,-дейді болашақ журналистер.