Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қол ұшын бірге созайық

Көмекті сұрауға мәжбүр болатын мұқтаж адамдарға көмек көрсету, жағдайы бар, кез келген адамның қолынан келеді. Әр адам өмірінде бір рет болса да, қайырымды игі іс жасауы керек. Өйткені, өмірдегі кез келген жағдай, адамды тығырыққа тіреп, бөтен адамнан көмек сұрауға итермелейді. Осындай бір жағдай ҚМУ студенттерін бейжай қалдырмады. Облыстық газеттің беттерінен Валентина Никулина әжейге көмек керектігін естігенде, Камиль Қуанышовтың басшылығымен, біздің студенттер қаланың сыртындағы 100 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға жол жүрді. Студенттер қайырымдылық көмек көрсету керек деген шешімді бірден қабылдады. Әжейге отын ағаштарын, таяну таяқшасын, қажетті азық-түлік тағамдарын апарып берді.

ҚМУ-дың экономикалық факультетінің 1 және 2 курс студенттері Абай Балмаш пен Марьям Волынец әжеге көмек көрсеткен қайырымды жандар. Студенттердің айтуынша, осындай жағдайға тап болған кезде, бос сөз сөйлеп отырмай, бірден белсенділік танытып, қаржылай көмек болмаса, еңбек күшін пайдаланып, көмек көрсеткен жөн. Біздің студенттер дәл солай жасады. Әженің үйіне отын ағаштарын түсіріп, оларды жинап ретке келтірді. Қарт кісіге таяну таяқшасын ұсынған кезде, қуаныш сезіміне бөленген әжей, көз жасын ұстай алмай, көрсетілген көмек үшін шексіз алғысын білдірді.

 

«Жастар сөз арқылы емес, іс жүзінде таңылу керек. Адамдарға қуаныш сезімін сыйлау керек. Осындай қайырымдылық көрсету акцияларына қатысып, жасы келген қарттарымыздың өмірін жақсартуымыз керек» - дейді студенттер.

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттерінде қайырымдылық шараларына қатысты, басқа да жоспарлары бар екен. Олар интернет желісі арқылы «Қостанай бірге көмектесейік» деген парақша ашқан. Қазір олар белсенді, өз жұмысына жауапты, еңбексүйгіш адамдарды еріктілер қатарына қабылдап жатыр. Көмек көрсетем деген, кез келген адам осы топтың мүшесі бола алады.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 

 


PDF