Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оксфорд университетінің Isis Enterprise кеңесшілері доктор Натан Пайк және Ева Бальтар ҚМУ-де тренинг өткізді

2016 жылдың 23 маусымында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ –де «Ньютон – Әл-Фараби» үкіметаралық қазақ- британ бағдарламасы аясында зерттеу жобаларын коммерциялау бойынша тренинг өткізілді. Осы тренингтің мақсаты ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша зерттеушілердің дағдыларын арттырып, сондай-ақ, Ұлыбританияда технологияларды тәжірибе жүзінде беру туралы ақпарат алу болып табылады. Тренингті Isis Enterprise кеңесшілері Оксфорд университетінің докторы Натан Пайк және Ева Бальтар өткізді.  Қазақстан зерттеушілеріне инновацияның көздерін тауып, оларды  коммерциализациялаумен қатар, жетілдіруді үйрету мақсаттың бірі болды.

     

Тренингке университет тарапынан 11 өкіл қатысты.

Олар:

1. Д.Качеев -философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі;

2.  Г.Юнусова -экология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты;

3. Б.Ахметова - тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті;

4. Д.Тошоманова - тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі;

5. Н.Манасбаева - шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі;

6. А.Сарбасова - шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі;

7. Ж.Бермұхаметов - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі;

8. Г.Абилева - биология және химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі;

9. Г.Ермағамбетова - информатика және математика кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі;

10. Д.Рюмин - информатика және математика кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі; 

11. А.Абдибекова - лингвистикалық ғылыми -білім беру зертханасының меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдардың магистрі.

Кездесудің нәтижесінде тренингке қатысушы зиялы қауым, халықаралық зерттеу қауымдастығында рейтинг пен абырой-беделін, өз мекемесінің зерттеу сапасын жетілдіру мүмкіндіктеріне ие болды.

ҚМУ-ің баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF