Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қоғамдық тыңдау өткізілді

2016 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсінде қоғамдық пікір жетекшілері, жергілікті өзін-өзі басқару кадрларын дайындайтын оқу орындарының өкілдері, Қостанай қаласының Жастар мәслихаты депутаттары, ПИӨК, БАҚ өкілдерімен  «Жергілікті  өзін өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын іске асыруға арналған қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдау барысында облыс тұрғындарына жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнама негіздері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған кешенді ақпараттық іс-шараларды өткізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Бұл шарада Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының аға оқытушысы Г.Е.Есімхан баяндама оқыды. Баяндамада жергілікті өзіндік басқаруда кадр дайындау және дамыту мәселелері қозғады.


PDF