2016 жылдың 29-шы қазанында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Ньютон – Әль-Фараби» үкіметаралық қазақ-британ бағдарламасы аясында «Зерттеу нәтижелерін жариялау» бойынша тренинг өткізілді. Аталған іс-шараны Ұлыбританиядағы Ливерпуль университетінің докторы Амос Фатокун өткізді. Ол медициналық зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, баспа қызметін, ғылымның қыр-сырын жетік меңгерген маман. Тренинг жұмысына ҚМУ-дан, ҚМПИ-ден және ҚазҒЗИАШМЭ ЖШС-дан 20-дан астам өкіл қатысты. Қатысушылар тапсырмаларды орындап, көптеген сұрақтарға жауап алды.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, олар естелік фотосессияға қатысты. Доктор Амос Фатокун университет басшылығына өз алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың халықаралық қатынастар үшін маңызды екендігін айтып өтті.