Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Өнер» студиясының есеп беру концерті өтті

2017 жылдың 27-ші сәуірінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында «Өнер» студиясының есеп беру концерті өтті.

Дәстүр бойынша жылына бір рет қорытынды концерт беретін «Өнер» студиясының биылғы есеп беру концерті ерекше болды. Концерттік бағдарламада студенттер өздерінің өнерлерін көпшілік қауымға паш етті. Кеште күй ойналды, ән шырқалды, мың бұралған бишілер түрлі халықтардың биін биледі. Аталмыш концертті «Өнер» студиясының директоры, Қазақстанның белгілі халық ақыны Әсия Беркенова ұйымдастырды. Әсия Әйіпқызының айтуынша  кештің басты мақсаты ұллтық өнерді насихаттау.

Іс-шараның соңында заң, аграрлық-биологиялық, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеттерінің декандары сахна төріне шығып, факультетте білім алып жатқан және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерге бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.


PDF