2015 жылдың 30 қыркүйегінде экономикалық факультеттің басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен бірлесіп «100 нақты қадам: өткізілген реформалардың теориялық және практикалық аспектілері» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді.
Конфренцияға 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттері мен Қостанай облысының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті жетекшісінің орынбасары Б.М.Беспалиновке берілді.
Баяндамамен сөз сөйледі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының жетекшісі – Досекенов А.М.
2. А.Байтұрсыноа атындағы ҚМУ экономикалық факультеттің басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының меңгерушісі – Мустафина А.С.
3. РММ «Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысындағы Статистика Департаменті» персоналмен жұмыс істеу бойынша бөлімінің жетекшісі – Габдулина Г.К.
4. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенті – Абикеева Д.Е.
Студенттер мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатындағы болатын өзгерістер туралы және болашақтағы кәсіби қызметтеріндегі жаңа міндеттері туралы маңызды ақпараттар алды.