Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5В070400–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің түпкір-түпкірінен 17 команда қатысты.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерінен құралған команда терең теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді және жүлделі 1-орынға ие болды. Оқу орнымыздың студенттері Ярослав Манаков, Александр Давыдов, Тасболат Төлегенов және жетекшілері Ангелина Жусупованы жеңістерімен құттықтаймыз! Мамандық бойынша келесі олимпиада біздің ЖОО-ның базасында өткізілетін болады.