Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Нағашыбай Мұқатовтың дара жолы

14 наурыз күні журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Нағашыбай Мұқатовтың 70 жас мерейтойына арналған «Шаттықтың шаңырағын тік көтерген» атты іс-шара өтті. Құт пен береке, кешірім мен амандықтың нышаны саналған Көрісу күнімен тұспа-тұс келген мерейтойға жиналған барша қонақтарды мерекемен құттықтап, жыр мен тәттіден шашу шашты.   

 

Аталған шара бұрынғылардан өзгерек өтті. Себебі ақынның өзі де Қазақстан радиосы және теледидар саласында, Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциясында 40 жылға жуық журналистік қызмет атқарған. Сондықтан кеш әдеттегідей концерт түрінде емес «Дара жол» бағдарламасы форматында өтті. Шараға шығармашылық және ұстаздық жолындағы әріптестері, туған-туыстары, достары мен шәкірттері қатысты.

 

Университет ұжымы Нағашыбай Оразбайұлын мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейді. 

 

 

 


PDF