2016 жылдың 5 наурызында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ №2 ғимаратының акт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл көктемгі шуақты күнде сахнада экономикалық факультеттің профессорлы-оқытушылық құрамы мен студентттерінің тек ерлер ұжымы өнер көрсетті. Бұл күнде барлық өлең шумақтары, би және құттықтау сөздері факульттеттің аяулы жандары үшін арналды.
Профессор К.Ж.Жапаров пен профессор С.М.Жиентаевтың құттықтаулары көрермендер үшін ерекше сый болды. Профессор С.М.Жиентаев аяулы жандарға арнап француз тілінде өлең оқыды, ал студент – жігіттер мерекелік концертті тамашалауға келген нәзік жандыларға гүл шоқтары мен тәтті сыйлықтарды тарту етті.