2015 жылдың 19 мамырында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы облыстық "Бос орындар жәрмеңкесі" аясында түлектер мен жұмыс берушілерге кездесулер өткізді:
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ мемлекеттік қызмет істері бойынша қызметкерлерді басқару бөлімінің меңгерушісі Досекенов Асет Муратұлы мемлекеттік қызмтеке қабылдау тәртіптері туралы презентация өткізді;
- «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының тәлімгері Кожахметов Ануар Нурахметұлы презентация ретінде «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша бос орындар туралы түсіндіру сұхбатын жүргізді.