Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЭФ-те «Неке - отбасы негізі» тақырыбында семинар өтті

2015 жылдың 21 қазанында Экономикалық факультетте «Неке - отбасы негізі ретінде» тақырыбында «Нур Махаббат» ҚБ өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты – жастардың ортасында отбасылық құндылықтар түсінігін қалыптастыру және жас отбасыларды қолдау.

Семинарды Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі, ҚР білім озаты Суслова А.И. жүргізді.

Семинардың жұмысына 5В050600-Экономика, 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты.

Семинарды өткізу барысында қатысушылар арасында қазіргі уақыттағы некенің жағдайы, некенің қызметтері және отбасының түрлері туралы пікірталас өтті.


PDF