Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-дың жас маманы құрметке ие болды

2017 жылдың 4 маусымында Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың қатысуымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» саябағының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, күш құрылымдарының, қоғамдық құрылымдардың өкілдері, құрметті азаматтар, жастар, қала тұрғындары қатысты.     

Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінен кейін мемлекеттік рәміздер мерекесі құрметіне, түрлі салаларда белгілі бір дәрежеге қол жеткізген қостанайлықтарға атаулы сағаттар табыс етті. Олардың қатарында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық орталығының молекулярлы-генетикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, аграрлық-биологиялық факультетінің биология және химия кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Индира Бейшова да бар.  Жас маманды құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейміз! 


PDF