Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-дың Заң факультетінде тәжірибеге бағытталған сабақ өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Қостанай облыстық прокуратурасының арасында 1.08.2015 жылы бекітілген №40 келісім шартты жүзеге асыру аясында студенттердің кәсіби тәжірибесін жүргізу бойынша Заң  факультетінде «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қабылдау ережесі» бойынша тәжірибеге бағытталған сабақ өтті. Іс-шараға университетіміздің 1, 2, 3 курс студенттері және профессор-оқытушылар қатысты.

Қостанай облыстық прокуратурасының кадр жұмысы басқармасының бастығы Р.А.Туланова болашақ мамандарға прокуратура мекемесінде қызмет етудің шарттары, үміткерлерді іріктеу байқауының ережелері және тексерістен өтудің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Р.А.Туланова студенттердің қойған қызықты сұрақтарына толық жауап берді.


PDF