А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінде қазақ бөлімінің 1-ші, 2-ші курс студенттерінің қатысуымен «Синтетикалық есірткілердің жаңа түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қостанай облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция майоры Айгүл Ерадилова қозғалған тақырып бойынша баяндама оқыды. Майор өз сөзінде полицияның есірткіге қарсы өткізетін іс-шаралары туралы әңгімеледі. Ал, Қостанай облыстық наркологиялық диспансірінің психологы Гүлсім Бисимбаева есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, сабақ барысында студенттерге тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді.
Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар мен студенттер, сабақтың өткізілу деңгейін жоғары бағалады.