Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-ды Отан Қорғаушылар күні аталып өтілді

Отан Қорғаушылар күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аталып өтілді. Университет ректоры Х. Валиев барша жиналған  қауымды келген мерекелермен құттықтап, генерал-майор М. Дәуеновке құттықтау сөз кезегін берді.  Михаил Юсупович мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдіріп, мерекенің маңызына тоқталды.

Университет басшысы әскери кафедраның үздік оқытушыларына алғыс хаттарды табыс етіп, мереке әскери кафедраның арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Әскери кафедраның студенттері гитарамен ән шырқап, би билеп, мәнерлеп өлең де оқыды. Сонымен қатар, сахналық көріністерді де көрсетті.

«Біз үшін бұл мереке ерекше. Әскери кафедраның студенттері осы күнді асыға күтіп, концерттік нөмірлерді дайындады. Біздің тілегіміз бір. Елімізде бейбітшілік болсын», - деді әскери кафедраның басшысы. Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар естелікке фотосуретке түсті.

 


PDF