Наурыз мейрамы – Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тойланатын көктемнің жаңару мерекесі. Қазақ халқы үшін бұл мереке қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
ҚМУ-дың Экономикалық факультеті де Наурыз мерекесін қуана-қуана қарсы алды. Факультетте Наурыз мейрамын тойлау үлкен қуаныш-шаттықпен өтті.
Осы күні факультеттің кафедраларына келушілер ұлттық дастарханның тағамдарынан дәм татуға, қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлерін көруге, домбыраның күмбірлеген дауысымен тамсануға, қазақ халқының қонақжайлылығын сезіну мүмкіндігіне ие болды. Студенттер келген қонақтарға мейрамның басты дәстүрлі тағамы Наурыз көжені ұсынды.