А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "EcoTeam" командасы «Шелл Қазақстан» серіктестігімен және қаржылық қолдауымен Kazenergy қауымдастығы ұйымдастырған Student Energy Challenge зияткерлік командалық жарысқа қатысты. Команда құрамында экология мамандығының 4 курс студенттері: Айым Нуржанова (топ басшысы), Асем Какимжанова ,Жанерке Ким және Жанна Алдамжарова болды. Жобаның жетекшісі - Юнусова Гульнара Батырбековна.
2019 жылдың 23-24 қыркүйегінде Нұр- Сұлтан қаласында Student Energy Challenge инновациялық идеялар байқауы өтті, ол еліміздің мұнай-газ саласының басты оқиғаларының бірі болып табылатын «Kazenergy Week 2019» құрамына кіретін XI Kazenergy жастар форумының «Жастар және заманның қиындықтары» аясында өткізілді.
Student Energy Challenge мақсаты - қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері құрған энергиямен байланысты ең перспективалы және белсенді жобаларды қолдау.
Биыл төрт тақырыптық бағыт таңдалды: қоршаған ортаға эмиссияларды азайту, қалдықтарды басқару және қайта өңдеу, цифрландыру, энергия үнемдеу және мұнай-газ саласындағы энергия тиімділігі.
Жарысқа командалардың рекордтық саны қатысты - 70. Осы жылдың маусым айында 13 команда іріктеліп, осы жылдың 1 және 2 шілдесінде олар Назарбаев Университетінің алаңында Нұр-Сұлтанда өткен «NXplorers» тренингіне қатысты. Тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары бойынша рейтингтік тізім жасалып, жартылай финалға 9 команда, оның ішінде EcoTeam командасы іріктелді. Қазылар алқасы мүшелерінің алдында жобалық паспорттарын қорғау осы жылдың 23 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтті.