Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-де көптілді топтар арасында ағылшын тілінен олимпиада өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында көптілді топтар арасында ағылшын тілінен олимпиада өтті. Байқауға «Тарих», «Физика», «Электроэнергетика», «Транспорт», «Экология» және «ЕТ және БҚЕ» мамандықтарының 100-ден астам студенті қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен құралды: бірінші – іріктеу кезеңі (лексика-грамматикалық тест), екінші  – оқу және тыңдау (reading and listening), үшінші  – сөйлеу (speaking). Соңғы айналымға Нам Диана (ЕТ және БҚЕ), Криволапов Руслан (Тарих), Магамбетов Тимур (Физика), Сухарев Алексей (Электроэнергетика), Байшуаков Руслан (Физика), Хамзеева Гульзира (Физика), Инертбаев Дамир (Транспорт), Ауезбек темирлан (Транспорт), Аскарова Жанерке (Экология), Нуржанова Айым (Экология) өтті. Жеңімпаздар соңғы кезеңде анықталды. Қатысушылар ақтық кезеңде әр түрлі тақырыптар бойынша дайындықсыз ауызша сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Қазылар алқасы олимпиаданың финалына шыққан студенттердің жоғары деңгейін атап айтып өтті. Нәтижесінде, 1-ші орынды Сухарев Алексей (Электроэнергетика) алса, 2-ші орынды Нам Диана (ЕТ және БҚЕ) мен Мағамбетов Тимур (Физика) иеленді. Ал, 3-ші орынды Криволапов Руслан (Тарих), Байшуақов Руслан (Физика), Әуезбек Темірлан (Транспорт) жеңіп алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, ағылшын тілін меңгеруде табыс тілейді.


PDF